«Сыбайлас жемқорлық»
Қарақұдық ауылдық кітапханасы мен клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Амангелді орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары мен ұстаздардың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіру, оның пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өздерінің көзқарастарын білдіруге толық мүмкіндік беру және әділдікке тәрбиелеу мақсатында «Жемқорлыққа оқушыларды қарсы тәрбиелеу» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Онда «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты презентация қатысушылар назарына ұсынылып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-баршаға ортақ іс» атты баяндама тыңдалды. Сонымен қатар шара барысында оқушыларға бірнеше ситуациялық сұрақтар қойылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырудың және стандарттық мінез-құлыққа байланысты қойылған сұрақтарға талқылау жасалды. Шара соңы викториналық сұрақтармен жалғасып, онда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қашан қабылданды?, «Сыбайлас жемқорлық» деген не?, Пара беру деген не? және т.с.с. сұрақтар қойылып, әркім өз түсінгендерінше жауаптарын берді. Тіпті кейбіреулері пара тек ақшамен ғана шектелмейді, сонымен қатар параға мал да беруге болады деп те өз ойларын ашық айтты. Ашық тәрбие сағаты көңілді, әрі тартымды өтті. Әр оқушы өз ойларын толық жеткізе білді.
Қарақұдық ауылдық кітапханасының кітапханашысы: Г.С.Дүйсембек