Узники концлагерей Суыксу

Жәкенов Желбай

 Жәкенов Желбай 1914 жылы  Тельман ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына дейін механизаторлар дайындайтын мектепті бітіріп, колхозда жұмыс істеген.

1942 жылы Тельман аудандық әскери комиссариатынан майданға аттанған. Украина майданында болып, алғы шепте генерал Власовтың армиясында болған. Власов жауға сатылып кеткенде бүкіл солдаттарды  жау тұтқынға алған. Барлық тұтқындар Италияға қара жұмысқа жіберілген. Тоғайда жұмыс істеп жүргенде қашып шығып, Югославияның Броз Тито басқарған партизандар отрядына кездесіп, соғыстың аяғына дейін сонда болған.

 

ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Қарақұдық селосында механизатор, бригадир көмекшісі болып жұмыс істеген. 1965 жылы Суықсу селосына көшіп, малшы болып жұмыс істеген. 1971 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1996 жылы қайтыс болған.

 Жәкенов Желбай
Яндекс.Метрика