Детские книги

Роулиң Ж.К.

Харри Поттер мен Ажал сыйлары.-Алматы, Steppe&World, 2022.-604 бет.

ISBN 978-601-06-7017-4

Маған Хәрри Поттерді ұстап беріңдер, — деді Волдеморт. Сонда өзге ешкім жапа шекпейді. Хәрри Поттерді беріңдер, мектепке тимеймін. Хәрри Поттерді берсеңдер бәріңді марапаттаймын. Хәгридің мотоцикліне мініп әуеге көтерілген Хәрри Поттер Қынаағаш көшесіне енді оралмайды. Лорд Волдеморт пен Тажалдар өкшелеп қуып келеді, Хәрриді қорғаған сиқырдың күші таусылды, енді олардын жасырына алмайды.

 

 


Роулиң Ж.К.

Харри Поттер мен От сауыт.-Алматы, Steppe&World, 2022.-600 бет.

ISBN 978-9919-9621-2-8

Чемпиондар осы оқу жылында үш тапсырма орындайды: оларды түрлі сынақ күтіп тұр… Сиқырды қалай меңгергені, батылдығы, тез шешім қабылдау қабілеті және… қауыпті жағдайдан шыға алуы сыналады.

 

 

 


Роулиң Ж.К.

Харри Поттер мен Шалақан Ханзада.-Алматы, Steppe&World, 2022.-488 бет.

ISBN 978-601-06-6639-9

Сиқыр министрлігі Волдемортпен шайқаста әлсіреп қалады. Тіпті маглдардың өзі бұл соғыстан зардап шегеді, себебі ешкімге белгісіз апаттар орын алады. Феникс ордені бұл шайқаста жақсы сиқыршыларын жоғалтады. Соғыспен қатар өмір де ұласа береді. Барлық он алты жасар балалар сияқты Хәрри, Рон және Хәрмионаның басынан сезімі басым біраз жәйттар да өтеді. Дегенмен, Дамблдордың мектепті қорғауға бағытталған барлық күш-жігеріне қарамастан, Хогуартста өте оғаш оқиғалар орын алады. Бұл жолы еске алу бөлмесі Хәрриге қараңғы Лордтың ең үлкен құпиясын ашады және жеңу үшін Хәрри ең құнды дүниесін құрбан етуге мәжбүр болады… Бұл соғыста жұмбақ болған Шалақан ханзада қай тарапта болар екен?


Роулиң Ж.К.

Харри Поттер мен Феникс алқасы.-Алматы, Steppe&World, 2022.-764 бет.

ISBN 978-601-06-7395-3

Қазақстандағы Steppe & WORLD Publishing баспасы ағылшын жазушысы Жоан Роулиңнің «Хәрри Поттер» романдар сериясының бесінші кітабын аударды.

 

 

 

 


Мағауин М.

Тазының өлімі. Хикаят, әңгімелер.-Алматы: Атамұра , 2020.-256 бет.

ISBN 9965-34-134-6

Қазақтың әйгілі қаламгерінің бұл жинағына жас кезінде жазған, қалың оқырманына хас суреткер ретінде қапысыз танытқан «Тазының өлімі» повесі мен соңғы жылдарды көркемсөз өнерінде өзгеше өрнегімен стильдік соны сорап салған «Одағай әңгімелері» топтастырылып отыр. Жинақ қазақтың көркем тілі мен әдебиетін сүйер барша қауымға, кейінгі келген жас толқынға арналады.

 

 


 

Яндекс.Метрика