Наши издания

 Аудан ардақтылары: Өмірбаяндық анықтамалық.-Астана:Фолиант,2008.-192 бет

Бұқар жырау ауданының 70 жылдық мерейтойына арналған «Аудан ардақтылары» атты өмірбаяндық-анықтамалық бұл кітапта ауданның саяси-әлеуметтік, экономикалық және руханият әлемінің тарихы жан-жақты қамталды. Еңбектегі танымдық-тағылымдық мақалалардағы деректер мен мағлұматтар оқырман олжасын еселей түспек.

Кітап туған өлке тарихын, кіндік қаны тамған қасиетті жерінің өткені мен бүгінгісін қадір тұрар ойлы да зерек оқырмандарға арналған.

 

 

 

 

Бұқар жырау ауданы: аула тарихынан аудан тарихына=Бухар-жырауский район: от истории двора к истории района[Мәтін].-Қарағанды: Саран,2010.-342б.

Бүкіл әлемге қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған Ұлы Жеңістің 65 жылдығына өз үлесін қосып, Бұқар жырау аудандық ортандылықтандырылған кітапханалар жүйесі, кітапханаларды дамыту секторы қызметкерлерінің бастамасымен барлық кітапханашылар көмегімен қолдарыңыздағы «Бұқар жырау ауданы: аула тарихынан аудан тарихына» кітабы шығарылып отыр. Қолдағы бар мүмкіндіктер мен мәліметтерді жинақтауға күш салдық, дегенмен де осы кітапқа бір себептермен енбей қалған адамдар есімдері кездессе, алдын-ала олардың туыстарынынан кешірім сұраймыз. Бұл кітап — кейінгі ұрпақ үшін үлкен байлық — дерек көзі болады деп сенеміз.

Яндекс.Метрика