Книги за департамент 2022 год

Абдрахманов С.

A14 Елдiк ерлiгi . Бес томдык / Сауытбек Абдрахманов . – Нұр Сұлтан : Фолиант , 2021 .

ISBN 978-601-338-983-7

Т.1 . Тәуелсіздік толғаныстары . Макалалар , сұхбаттар , репор. – 616б.

ISBN 978-601-338-988-2

Т.2. Тәуелсіздік толғаныстары . Макалалар , сұхбаттар , репор. – 616б.

ISBN 978-601-338-987-5

Т.3 . Тәуелсіздік толғаныстары . Макалалар , сұхбаттар , репор. – 616б.

ISBN 978-601-338-983-7

Т.4. Тәуелсіздік толғаныстары . Макалалар , сұхбаттар , репор. – 616б.

ISBN 978-601-338-985-1

Т.5. Тәуелсіздік толғаныстары . Мақалалар , сұхбаттар , репор. – 616б.

ISBN 978-601-338-984-4

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының  лауреаты Парламент депутаты, филология ғылымдарының докторы Сауытбек Абдрахмановтың сан салалы шығармашылығының қуатты бір арнасы публицистика .                                                                                                                                                                Абдрахманов отандық саяси публицистиканың жаңа заманға сай, тың тұрпатта қалыптасуына қомақты үлес қосты . Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай шығарылып отырған бұл бес томдықтағы мақалаларда, сұхбаттарда, репортаждарда Қазақстанның егемендіктің елең — алаңынан бастап, қазiргi шағына дейінгі барлық бел — белестерi жан — жақты баян етіледі, тарихтың талмау тұсында ел болудың тар жол, тайғақ кешулi сапарына шыққан халқымыздың елдiк ерлiгi кемел көрсетіледі, айтулы азаматтардың ордалы ойлары ортаға салынады, қоғамның көкейкесті мәселелері  тереңдікпен көтеріледі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық қоғамдық ойдың бүгiнгi биiгiн танытатын көптомдыққа жазған алғы сөзінде: « Сауытбек Абдрахмановтың бұл еңбегi жасампаздық жолымыздың журналистiң жүрдек қаламымен өрiлген шежiресi, Тәуелсiздiктiң толымды толғауы ретінде бағалауға әбден лайықты» деп атап көрсеткен. Бiрiншi томда 2001-2006 жылдардағы жарияланымдар қамтылған.

Екінші томда 2006-2009 жылдардағы жарияланымдар қамтылған.

Үшінші томда 2009-2012  жылдардағы жарияланымдар қамтылған.

Төртінші  томда 2012-2016  жылдардағы жарияланымдар қамтылған

Бесінші  томда 2012-2016  жылдардағы жарияланымдар қамтылған


Олжас Сулейменов  Собрание сочинений , том 11 , Аз и Я — Алматы , Издатель ский дом << Библиотека Олжаса >> , 2021 , 336 с . ISBN 978-601-7979-12-6

Самая известная книга писателя , ставшая его визитной карточкой . которая спустя более 40 лет с ее первой публикации , до сих вызывает острый читательский и научный интерес . Книга представляет собой лингвистические изыскания писателя на примере памятника древне русской литературы » Слово о полку Игореве».

Олжас Сулейменов Собрание сочинений , том 12 , Статьи о литературе — Алматы , Издательский дом «Библиотека Олжаса » , 2021 , 432 с .

ISBN 978-601-7979-11-9

Книга содержит статьи О.О. Сулейменова о современной литературе и роли писателя в становлении национальной литературы и ее влиянии на национальную культуру . Статьи , изданные в разные годы в различ ных печатных изданиях , дают читателю возможность познакомиться с взглядом автора на литературу и ее влияние на воспитание современной молодежи и общества в целом . Точные и неские мысли писателя о ли тературе в целом и о национальной литературе в частности помогают читателю разобраться во всем ее разнообразни и воспитывают чита тельский вкус , поднимая его на более высокий уровень .

Олжас Сулейменов Собрание сочинений , том 13 , Статьи и выступления — Алматы , Издательский дом « Библиотека Олжаса » , 2021 , 320 с .

ISBN 978-601-7979-10-2

В книге собраны статьи писателя , изданные в разные годы в печат ных изданиях Казахстана и за рубежом , в которых собраны его мысли . размышления и представления об обществе , гражданской позиции че ловека в этом обществе , беседы с корреспондентами различных печат ных изданий на темы политики и экономики , литературы и воспитания молодого поколения в духе любви к родине , к своей национальной куль туре , к своей истории

Олжас Сулейменов Собрание сочинений , том 14 , Беседы и интервью , часть 2 . Алматы , Издательский дом « Библиотека Олжаса » , 2021 , 368 с .

ISBN 978-601-7979-09-6

В книге собраны интервью писателя , которые он на протяжении де сятилетий давал различным печатным изданиям , и которые представля ют огромный интерес с точки зрения политики , культуры , литературы и искусства , в которых писатель делился своими впечатлениями о со бытиях в стране и в мире , непосредственным участником которых он являлся , и которые , без сомнения , имеют большое воспитательное зна чение для развития казахстанского общества и страны в целом .

Олжас Сулейменов Собрание сочинений , том 15 , Беседы и интервью , часть 3. — Алматы , Издательский дом « Библиотека Олжаса » , 2021 , 320 с . I

SBN 978-601-7979-08-9 В книге собраны интервью писателя , которые он на протяжении де сятилетий давал различным печатным изданиям , и которые представля ют огромный интерес с точки зрения политики , культуры , литературы и искусства , в которых писатель делился своими впечатлениями о со бытиях в стране и в мире , непосредственным участником которых он являлся , и которые , без сомнения , имеют большое воспитательное зна чение для развития казахстанского общества и страны в целом .

Олжас Сулейменов Собрание сочинений , том 16 , Беседы и интервью , часть 4. — Алматы , Издательский дом << Библиотека Олжаса » , 2021 , 336с .

ISBN 978-601-7979-07-2 Книга содержит неизданные ранее интервью и выступления 0.0 . Сулейменова на различных научных конференциях , собранные с 1992 г. по 2018 г. Здесь и материалы конференций на тему согласия и сосущество вания народов в ХХI веке , и лингвистические материалы , и беседы с автором о литературе , поэзии и будущем , о мировых кризисах и ка таклизмах , о развитии казахстанского общества , и о многом другом , что вызывает интерес думающего читателя , неравнодушного к будущему своей страны и своего народа .


Қ. Абдухалимов — автор — кұрастырушы . Кiтап — альбом «Роза Бағланова.  Алматы : « Өнер 21 — ғасыр >> Қоғамдық Қоры , 2021.-280 бет.         ISBN 978-601-209-271-4

1922 жылдың 1 — каңтарында жарық дүниеге келген Роза Бағланованың өмiрi өткен ғасырымыздың ұлттық символына айналған . Бұрынғы Кеңес ( КСРО ) өкiметiнiң халыкка жасаған бүкiл қиянаты жап — жас Розаның басынан өткен. Азамат соғысы , жетiм қалу, ашаршылық , халық жауы , босқыншылық,  Отан соғысының қан майданы … — бәрi , барлығы да … Жасы он сегiзден жаңа асқан сүйкiмдi жас Өзбекстаннан қан майданның ең алдыңғы шебiне концерт қоюға аттанған қыз — келіншектер ансамблiнiң құрамында соғысқа кеттi . Әншілік , артистік жолы осылай басталды . Сөйтіп , Роза Бағланова 1945 жылғы 9 — мамырда Берлинде болған Жеңiс концертiне қатысады. Әйгілі әншінің 100 жылдығына арналған бұл кiтап — альбом өнер жолын Ташкент филармониясының ән — би ансамблiнде әншi болып бастаған, кейiннен Әлемде аты аңызға айналған опера және эстрада әншісі , Қазақстанның ( 1955 ) және бұрынғы КСРО Халық артисі ( 1967 ) . Халық Қаһарманы ( 1996 ) Роза Тәжібайқызы Бағланованың өмір белестерін көз алдыңызға әкеледі .

Роза Бағланова Қазақтың халық әуендерiн , отандық және шет елдiк замандас композиторлардың , өзге халықтардың ( венгр , өзбек , қырғыз , тәжік , украин , грузин , әзірбайжан , корей , қытай , моңғол , орыс , үндi , чех , швед , т.б. ) әндерін нақышына келтіре орындап әлем жұртшылығының көзiне түсті . 1946 жылы Мәскеуде өткен бүкiлодақтық эстрада әншiлерi 2 — конкурсының дипломанты , 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзiлiк Жастар мен студенттердің 2 — фестивалінің лауреаты атанды. Р. Бағланова Ленин, « Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы» , «Кұрмет белгісі» және «Отан» ордендерімен , « Жауынгерлiк ерлiгi үшiн» ( 1943 ), және басқа ондаған медальдармен марапатталған . Атағы Жер жүзіне таралған қазақ әншiсiнiң үні бүгінгі ХХІ ғасырда әрбiр казак шаңырағында шамшырақ болып жайнайды


«Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімінің және жасампаздыктын 30 жылы»  aтты бұл кiтап Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы , біртұтас азаматтық қағидаты негізінде қазақстандық қоғамды дамыту аркылы елдiң ортақ біртектілігі мен бірлігін, Мәңгілік Елдің жалпыұлттық құндылықтарын, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін шоғырландыру арқылы нығайту жолдарын баяндайды . Кітапта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасы Н. Назарбаевтың мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасуындағы, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы көрнекті рөлі бейнеленген . Жекелеген тараулар мемлекеттік біртектілік пен халық бiрлiгiне, бейбітшілікті, келiсiм мен жасампаздықты қалыптастыруға етене араласып жүрген қазіргі этностарға , Қазақстандық тәжiрибе бойынша ел тәуелсіздігінің қалыптасу үрдісіндегі бірлікті нығайтуға арналған әлеуметтік зерттеулерге арналады .


Сыдыков Ерлан . Жамбыл Жабаев : Алматы : «Издательство Золотая Книга» ЖШС , 2021 — 320 б . ISBN 978-601-06-7892-7

2021 жылы Қазақстан халық поэзиясы алыптарының бірегейі, ақын — жыршы Жамбыл Жабаевтың ( 1846-1945 ) туғанына 175 жыл толуын атап өтеді . Ол өз халқының тарихын, өмiрiн , дәстүрлерін жырлап, Құлмамбет , Сарбас , Досмағамбет, Тоқтағұл сынды танымал ақындармен жыр сайысына түсті . Жамбыл Жабаев қазақ поэзиясы тарихына қайталанбас суырып — салма ақын ретінде енді . Оның шығармашылығы — халық өмірінің , ұлт мүддесі мен үмітінін, қаһармандық ерліктерінің қалыптасу және даму кезеңдерінің айнасы

 

 


Б. Әзірбаев
Ұлы дала жыршысы ( Қазақтың дүлдүл ақыны Кенен Әзірбаев жайында монографиялык ой — молғау, эссе, пiкiрлер ) — Алматы : << Алатау » баспасы , 2021. — 440 б .
ISBN 978-601-06-7823
Бақытжан Кененұлының бұл туындысы ақиық ақын , күмiс кемей әнші , ұлы композитор Кенен Әзірбаевтың өмiрi мен шығармашылық жолы на өзгеше көзқарас , жанаша таным тұрғысынан келеді . Кененнің әншiлiк , акындык дарының сөз ете отырып , көнеден келе жатқан жыраулық, серілік дәстүрiмiздi сақтап қана қоймай , оның рухын асқақтатып , жаңаша түр, әуез , мақам енгiзiп кейінгі ұрпаққа аманат еткен абыз ақын, ақылгөй жырау екенiн айқындай түседі . Кенен ақынның өскен ортасы , өмiрi, отбасы жайлы көпке беймәлiм мағлұматтарды да осы туындыдан оқып бiле аласыз . Шығарма ақын жайлы көбiрек бiлгiсi келген оқырмандарға , Кенен әндерiн насихаттап жүрген өнерпаздарға , жалпы өнер танушы, музыка, әдебиет зерттеушi жас ғалымдарға арналады


ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ . Энциклопедия .
ӨМІРІ МЕН ОРТАСЫ.- Алматы : « Қазак кiтабы » баспасы , 2021 800 бет .
ISBN 978-601-7608-29-3
Елiмiздiң рухани тыныс — тіршілігі мен әлеуметтік — саяси тарихында өшпес iз қалдырған заманымыздың заңғар жазушысы, әрi мемлекет және коғам кайраткері , Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының ( 1939 — 2015 ) қаламынан туған мол мұрасы келешекте тек туған халкының ғана емес , күллi адамзат қауымының асыл қазынасына айналып , жаһандық өркениет қорына олжа салары сөзсіз .

Қолдарыңыздағы кiтапта тарлан тұлға , дарабоз дарынның ғұмыр жолы мен оның айналасын қаумалаған өзге де қазақ руханиятының шоқ жұлдыздары – «алпысыншы жылдықтар» хақында келелі әңгіме қозғалып , заманауи талдау жасалады


CAPCEKE M.
Семипалатинская трагедия : документально — историческое повествование . — Алматы : издательство «Қазығұрт», 2021. — 756 с .
ISBN 978-9965-22-582-6
Выданное мне удостоверение госкомиссией под номером 02-001916 официально подтверждает то , что я в течение 37 лет и 2 месяцев находился в зоне максимального радиационного риска Семипалатинского полигона . Следовательно , я — живой очевидец всех печальных событий, описанных в этой книге . Руководствуясь принципом : -Состоявшаяся страна историю свою записывает на скалах , отмирающая — омывает их слезами » , подумал : я превращусь в одного из многих холодных , самодовольных , не помнящих родства обывателей . если покину этот мир , не описав страдания , которые испытал вместе со всем народом . Такая мысль часто беспокоила меня . Именно потому созрела у меня идея написать эту книгу . После того , как врачи излечили меня от лучевой болезни , я сел за письменный стол … » , — признается писатель Медеу Сарсеке в последней главе своего документального повествования . В итоге родился настоящий фолиант , названный « Семипалатинской трагедией » строго на документальной основе , вначале на казахском , следом на русском и английском языках.


Дулатбеков Н.О.
Құнанбай Өскенбаев iсi : дерекнамалық зерттеу . — Нұр — Сұлтан : « Алашорда , қоғамдық қоры , 2021. — 472 б .
ISBN 978-601-337-341-6
Абай академиясы » сериясының бұл басылымына ұлы ақын Абайдың әкесі , өз заманының дара , қайраткер тұлғасы Құнанбай Өскенбайұлы ғұмырының тар жол , тайғак кешу , кезенiне қатысты Омбы облысының ( Ресей Федерациясы ) мемлекеттік архивiнде сақталған тарихи деректер топтастырылган . Архив құжаттары хрестоматиялық үлгiде ұсынылады . Кiтап бiлiм, ғылым, мәдениет саласы мамандарына, бiлiм алушылар мен жалпы оқырманға арналған

 


Желтоқсан көтерiлiсi : Көп томдык айғақ — кітаптар . / Кұраст . — Талғат Айтбайұлы . — Алматы : << Дәуір » баспасы , 2021 .
ISBN 978-601-217-557-8
3 — том . — 2021.- 480 б .
ISBN 978-601-217-722-0
Айғақ — кітаптың бұл томына Желтоқсан көтерiлiсiнiң 20 жылдығы кезiнде жинақталған материалдар енгiзiлдi . Көрнектi қоғам қайраткері , сұңғыла саясаткер — дипломат М.Есенәлиевтiң терең толғанысқа толы ойлары айтылып, қазақ жастары қозғаған мән — мағынасы аса салмақты мəселелер әлі күнге шешілмей келе жатканы кiтапқа енген қоғам қайраткерлерi Н.Сабильянов Қ.Қайсенов , С.Ғаббасов , С.Зиманов . Д.Нұрмұхамбет , Қ.Мырза Әли . О.Сулейменов , Ә.Тәтіғұлов , М.Жолдасбеков , Б.Рақышев , С.Сматай , Г.Орда , С.Өзбекұлы , М.Мәтқанұлы , К.Әбенов және М.Байғазиннiң жазбаларында анық аңғарылады . Тағы да алдыңыздан «Неге ? Неге олай ? » деген сауалдар атойлай шығады. Және жүздеген авторлардың жазғандарын бiрiктiрiп , миллиондаған қайрансыз қазақтың ойын жеткiзген қомақты жинақ « Неге ? » деген сұрақпен аяқталады . Дегенмен , Желтоқсан шындығын аша түсуге сәл болса да iлгерi қимыл жасалғанына иланасыз.


ӘСЕМҚҰЛОВ Т.
Шығармалары : / Таласбек Әсемқұлов — Алматы : « Қазақ энциклопедиясы >> , 2021 .
ISBN 978-601-7967-25-3
Т. 6 : Өнер Көсемсөз Сұхбат — 2021. — 400 б .
ISBN 978-601-7967-25-3
Жазушы , күйші Таласбек Әсемқұловтың шығармалар жинағының бұл томына сурет , кино , театр және сөз өнері жайында мерзiмдi басылым беттерінде әр кезенде жарияланган сын — пiкiрлерi . мақалалары мен сұхбаттары топтастырылган . Kimаn сыншылар , журналистер , тіл мамандарымен қатар , барша көпшiлiк қауымға арналған

 


Қалдыбаев Ә .
САҒЫНДЫМ СЕНI , IНIМ ! (Әңгімелер) / Әлдихан Қалдыбаев . — Алматы : « Таймас » баспа үйі , 2021 — 240 бет .
ISBN 978-601-264-182-0
Бауырмалдылық , ағалық ақыл , iнiлiк iзет , адалдық атаулыны болашақ ұрпақтың тұла бойына тұндырып , оны ту етпек әрбiр қалам иесiнiң мiндеті . Осы тұрғыдан алғанда Ә.Қалдыбаев қалыс қалмаған . Ол өзінің « Сағындым сенi, iнiм !» , «Бауыржан деген бала бар » , « Ата» , << Тыртық сыры » т.б. әңгімелерiне осы аталмыш қасиеттердің бәрiн тоғыстыра бiлiп , жасөспiрiмдердi жақсылық жолына жетелейді

 

 


Мұханбетқалиұлы Қ .
Тар кезең : Тарихи роман / Қажығали Мұханбетқалиұлы . — Алматы : « Қазақ кітабы» баспасы , 2021. — 348 б .
ISBN 978-601-7608-28-6
Қазақ даласының Батыс және Орталық белегі Ресей протекциясына қарағанына жарты ғасырдай уақыт өткенде , империя ендi езiнiң отаршылдық бет — бейнесін ашықтан — ашық көрсете бастаған болатын . Әсіресе , Алаш баласы Елек пен Жайық бойындағы өрiс-қоныстарынан ысырылып : онымен қоймай , бiресе Жайық қазақ — орыстарының , ендi бiрде башқұрттар мен Еділ қалмақтарының талауына ұшырап, жан — жақты қысым көре бастады. Ел басындағы хан Нұралы болса , бұл iстердiң бiрде — бiрiн орнықты шеше алмай , ел билiгi де дағдарысқа түстi . Мiне , осындай қилы кезеңде ел тағдырына деген жауапкершiлiктi өз мойындарына алған — Байбақты Сырым бастаған қазақтың бiлiктi билерi мен батырлары , ақсақалды ағалары едi … Белгiлi жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының « Тар кезең» аталатын романы халық тағдыры таразыға тускен осынау қиын кезеңнiң оқиғаларын кең тыныспен, аса байыпты да байсалды көрсете білген , шын мәнiндегi көркем туынды екенiне оқыған жұрттың көзi анық жетер деп ойлаймыз


Көкенов Манап
Сүлейлердiң соңғы тұяғы . Айтыстар мен қызықты әнгімелер, Манап жайлы естеліктер. Өлендер , терме — толғаулар және дастандар . Ақынға арналған өлеңдер мен поэмалар, ән — жырлар . Манаптың әзіл — сықақ әңгімелері . — Алматы : << Алатау » баспасы , 2021. — 320 6 .
ISBN 978-601-06-7846-0
Қазақ КСР — ның халық ақыны, айтыс өнерiнiң ерен жүйрiгi Манап Көкеновтің « Сүлейлердiн соңғы тұяғы» жинағына оның айтыстарымен бiрге қызықты әңгiмелерi, ақын жайлы естелiктер, оның өлеңдерi, терме — толғаулары және дастандары , ақынға арналған өлеңдер мен поэмалар, ән — жырлар және де Манаптың әзіл — сықақ әңгiмелерi енгiзiлген. Ол ұлтымыздың ұлы өнерiн өткеннен бүгiнге жалғаушылардың бiрi, өз тұсында елуден астам айтысқа қатысып , көбiсiнде жеңіске жеткен . М.Көкенов айтыс ақыны болуымен бiрге лирикалық өлеңдердi де өндiре жазған . Оның Отан , туған жер , азаматтық , елжандылық жайлы жырлары журекке жақын, көңiлге ыстык . Ал термелерi мен толғауларының тәлім-тәрбиелiк, ғибраттық мән — мағынасы зор . Ақын дастандарында өз замандастарын , олардың ерлiк еңбегiн , азаматтық пайым — парасатын шабыттана жырлайды . Жыр кiтабы көпшiлiк окырманға арналған


Жабаев Жамбыл .
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ . Шығармалар жинағы . 10 томдык . 1 — том . Алматы : «Қазығұрт» баспасы , Өлең — жырлар ( қазақ тiлiнде ) 2021. — 440 бет .
ISBN 978-9965-22-612-0
ISBN 978-9965-22-613-7
Қазақ халкының Ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейлі мерекесiне арнайы шығарылып отырған 10 томдық жинақтың алғашқы томына енген өлең — жырлары 1937 , 1940 , 1946 , 1955 , 1957 , 1977 , 1982 , 1996 , 2014 жылдары түрлi баспалардан шыққан және 2010 , 2016 жылдары әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті « Жамбыл атындағы қазақ әдебиетi мен фольклорын зерттеу орталығы» жарыққа шығарған нұскалары негiзiнде кұрастырылды. Басты мақсат әрқилы кезеңдерде жарық көрiп , уакыт талабына сай сан алуан езгерiстерге ұшыраған жинақтардағы мәтiндердi салыстыру арқылы өлең атаулары мен қысқартылған, қосылып жазылған өлең шумақтары мен түрлі тіркестердi қалпына келтіру , негiзгi толыққанды түп мәтiндi сактау болды . Бұл томға ақынның кеңестiк дәуiрге дейiнгi және кеңестiк дәуiр кезеңiндегi сан тарау тақырыпты арқау еткен шағын көлемдегi көңiл — күй лирикалары , философиялық, саяси — әлеуметтік, өткір сатиралық өлең — жырлары жинақталып берiлдi.

Жабаев Жамбыл .
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ . Шығармалар жинағы . 10 томдык . 2 — том . Толғау — толғамдар , дастандар , айтыстар ( қазақ тiлiнде ) — Алматы : « Қазығұрт >> баспасы , 2021. — 492 бет .
ISBN 978-9965-22-612-0
ISBN 978-9965-22-614-4
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейлі мерекесіне арнайы шығарылып отырған 10 томдық жинақтың 2 — томына көлемдi көркем туындылары жинақталып берiлдi . Ұлы жыраудың танымдық толғау — толғамдары , эпикалык жыр — дастандары, айтыстары әр жылдары жарық көрген таңдамалы және толық жинақтарынан таңдалып алынды. Уақыт үрдiсiнде түрлі өзгерістер мен бұрмалауға ұшыраған шығарма атаулары мен жыр шумақтары қалпына келтiрiлдi. Қазақ халық әдебиетiнiң ежелгi жыраулық, жыршылық дәстурiн жалғастырып, оны заман болмысына сай жаңаша жаңғыртқан Жамбыл толғаулары, жыр — дастандары мен айтыстары замананың түп өзгерiсiн терең зерделеген , адамдық пен адалдықты , елдiк пен ерлiктi асқақтатқан биiк көркемдiктiң озық үлгiсi iспеттi мәңгілік асыл мұра екені даусыз .

Жабаев Жамбыл .
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ . Собрание сочинений 10 — томник . 3 — том . Избранные произведения ( на русском языке ) — Алматы : издательство « Қазығұрт >> , 2021. — 408 с .
ISBN 978-9965-22-612-0
ISBN 978-9965-22-615-1
Жамбыл Жабаев — истинный гигант народной поэзии . Его твор чество выросло на традициях богатейшего фольклора казахского народа . Он был одним из лучших акынов , способных в любую ми нуту создавать замечательные по силе художественного воздействия поэтические произведения , насыщенные глубоким социальным со держанием . В третий том данного издания вошли избранные произведе ния Жамбыла на русском языке переведенные с казахского в 1930 и 1940 годах талантливыми переводчиками .

Жабаев Жамбыл .
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ , Шығармалар жинағы . 10 томдық . 4 — том . Естеліктер ( қазақ тiлiнде ) — Алматы : « Қазығұрт » баспасы , 2021. 400 бет .
ISBN 978-9965-22-612-0
ISBN 978-9965-22-616-8
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейлі мерекесіне арнайы шығарылып отырған 10 томдық жинақтың 4 — томына жүз жасаған, ХХ ғасырдың Гомерi атанған ұлы ақын жайлы көз көргендердiң естелiктерi топтастырылып берiлдi . Естеліктер «Жыр алыбы » ( 1971 ) , « Дастан – ата» ( 1989 ) , « Ел қадiрiн бiл, балам» ( 1996 ) т.б. жинақтардан , естелiк иелерiнiң жеке кітаптарынан алынды . Бұл томда Жамбылдың замандасы Кенен ақыннан бастап, кезiнде қасында бiрге жүрiп, талай әңгіме — дүкен құрған, ақын жазушылар Сәбит Мұқанов , Ғабит Мүсірепов , Есмағамбет Ысмайылов, Мұхаметжан Каратаев, Павел Кузнецовтардың, әдеби хатшылары Әбділда Тәжiбаев, Қасым Тоғұзақов, Қалмақан Әбдiқадыров, Тайыр Жароков, Ғали Ормановтардың, ұлы ақынның көзін көрген Қалибек Қуанышбаев, Қанабек Байсейітов, Нұрғиса Тілендиев сынды өнер қайраткерлерiнiң, немересі Әлiмқұл Жамбыловтың, тағы басқа белгілі тұлғалардың ұлы ақынның өнегелi өмiрiнен қызғылықты сыр шертетін естеліктері бар.

Жабаев Жамбыл .
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ . Шығармалар жинағы . 10 томдық. 5 — том . Кеңестік кезеңдегі зерттеулер. Бiрiншi кiтап . ( Қазақ тілінде ) Алматы : « Қазығұрт » баспасы , 2021. — 440 бет .
ISBN 978-9965-22-612-0
ISBN 978-9965-22-617-5
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдык мерейлі мерекесіне арнайы шығарылып отырған 10 томдық жинақтың 5 — томына академик — жазушы М. Әуезов , С. Мұқанов , Ғ. Мүсірепов бастаған алғашқы жамбылтанушы ақын — жазушылар мен өз зерттеулерiнде ұлылардан тағылым алып, танымы қалыптасқан көрнекті әдебиет зерттеушiлерiнiң ғылыми зерттеу мақалалары енгiзiлдi . Жамбылтанудың негiзiн қалап, бастауында тұрған зерттеушiлердiң ғылыми еңбектерi замананың қоғамдық өзгерiстерi тұсындағы мың кұбылған саяси — идеологиялық ұстанымдар мен саналуан өтпелi қилы кезеңдердiң өткелiнен өтiп бүгiнге жетуi — жамбылтанудың ұрапақтан — ұрпаққа жалғасын тауып, келешекте кемелдене түсерiнiң айқын дәлелі .

Жабаев Жамбыл .
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ . Шығармалар жинағы . 10 томдық . 6 — том . Кеңестік кезеңдегі зерттеулер. Екiншi кiтап . ( Қазақ тiлiнде) Алматы : « Қазығұрт » баспасы , 2021. — 424 бет .
ISBN 978-9965-22-612-0
ISBN 978-9965-22-618-2
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейлі мерекесіне арнайы шығарылып отырған 10 томдық жинақтық 6 — томына ұлы ақынның өмiрi мен шығармашылық ғұмырнамасын жан — жақты қарастырып, толымды зерттеулер жүргiзiп , толыққанды еңбек жазған екi зерттеушiнiң кітаптары бiрiктiрiлiп бiрге беріліп отыр . Оның бiрi — Жамбылмен көзi тiрiсiнде кездесiп, көп әңгiмелескен, негiзгi деректердi жыр алыбы Жамбылдың өз аузынан естiп, iзденiстерi мен шығармашылығына тiрек еткен, қазақ әдебиетiнiң көрнекті өкілі Сапарғали Бегалиннiң « Жамбыл . Өмiрбаяндық хикаят» атты кітабы. Екiншiсi — өзiнiң саналы ғұмырын жамбылтануға арнаған көрнектi зерттеушi, фольклорист-ғалым Нысанбек Төреқұловтың « Жүз жасаған бәйтерек» атты толымды зерттеу еңбегi.

Жабаев Жамбыл .
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ . Шығармалар жинағы . 10 томдық . 7 — том . Тәуелсіздік кезеңiндегi зерттеулер . Бiрiншi кiтап . ( Қазак тiлiнде ) — Алматы : «Қазығұрт » баспасы , 2021. — 436 бет .
ISBN 978-9965-22-612-0
ISBN 978-9965-22-619-9
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейлі мерекесіне арнайы шығарылып отырған 10 томдық жинақтың 7 — томына ХХ ғасырдың екінші жартысындағы зерттеулерден жалғасын тапқан, тәуелсiздiк кезеңiндегi жамбылтанудың жаңа бағытын қалыптастыруға мүмкiндiк ашқан әдебиетшi ғалымдардың еңбектерi топтастырылып отыр . Бұл томға Жамбыл шығармашылығын зерттеудi кеңестік кезеңде бастаған белгілі ғалымдармен қатар, жамбылтануға өзiндiк үлесiн қосуға ұмтылған, тәуелсiздiк танымының ұстанымдарын негiзге алған жаңашыл бағыттагы зерделi зерттеушiлердiң таңдамалы еңбектерi ендi .

Жабаев Жамбыл .
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ , Шығармалар жинағы . 10 томдық . 8 — том . Тәуелсiздiк кезеңiндегi зерттеулер . Екiншi кiтап . ( Қазақ тiлiнде ) — Алматы : «Қазығұрт » баспасы , 2021. — 424 бет .
ISBN 978-9965-22-612-0
ISBN 978-9965-22-620-5
Ұлттың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейлі мерекесіне арнайы шығарылып отырған 10 томдық жинақтың 8 — томына тәуелсiздiк кезеңi қалыптастырған белгiлi ғалымдар мен жас талап iзденушiлердiң жаңашыл көзқараспен жазылған ғылыми — танымдық еңбектерi еніп отыр. Бұл томға жас зерттеуші Алтынарай Тебегенованың жамбылтануға елеулi үлес болып қосылған «Жамбыл шығармашылығына жаңаша көзқарас : ұлттық сипат және дәстүр жалғастығы» атты монографиясы жеке берiлдi. Осы зерттеуге жалғастырыла жыр алыбының 170 , 175 жылдық мерейлі мерекелерi тұсында арнайы жазылған тың танымдық зерттеу мақалалар iрiктеліп алынды . Олардың келешекте жыр алыбы Жамбылдың сан қырлы шығармашылық болмысын жан — жақты , терең танитын жаңа зерттеулерге бастау болары айқын .

Жабаев Жамбыл .
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ . Собрание сочинений . 10 — томник . 9 — том . Исследования ( на русском языке ) Алматы : издательство << Қазығұрт » , 2021. — 400 с .
ISBN 978-9965-22-612-0
ISBN 978-9965-22-621-2
Личность Жамбыла и поэтический труд его долго будут к себе привлекать не только исследователей казахского фольклора и лите ратуры. Его хорошо знают и за пределами нашей страны . Жамбыл яркий символ расцвета творческих сил казахского народа в свою эпоху. В данный том вошли исследования ученых о творчестве Жамбыла на русском языке .

Жабаев Жамбыл .
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ . Шығармалар жинағы. 10 томдық. 10 — том . Ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш. ( Қазақ тiлiнде ) / КР Ұлттық кітапханасы ; кұраст .: Г.Т. Алакүшiкова , Л.К. Қалмағамбетова , Ж.С. Өсербаева ; ред .: Б.Қ. Оспанова , Н.А. Есқалиева алғы сөзін жазған Б.Қ. Оспанова . — Алматы : « Қазығұрт » баспасы , 2021. — 404 бет .
ISBN 978-9965-22-612-0
ISBN 978-9965-22-622-9


Койшыбаев Б.
Өмiр — күрес . Тарихи миниатюралар / Бейбiт Қойшыбаев . — Алматы : ЖШС РПБК « Дәуір » , 2021. — 504 бет .
ISBN 978-601-217-734-3

Жазушы , тарихшы , публицист Бейбіт Орынбекұлы Қойшыбаевтың « Өмір — күрес » атты тарихи миниатюралар жинағына елiмiздiң дамуының әр кезеңiнен танымды мағлұмат беретiн туындылары топтастырылып отыр . Олар шартты түрде тоғыз бөлiкке жіктелiп түзілген .                                                                                            Кітаптың алғашқы бөлiмiнде қазақ мемлекетінің дербестіктен айрылар кезеңі әңгiме болса , келесiсiнде тәуелділік ахуалдағы күрестiң өркениетке сай түрi — империялык парламент қабырғасында ұлт мүлдесiн қорғауға тырысу жайындағы хикаят орын алған . Одан арғы уш бөлiмде патшаның тақтан кұлауы , тиiсiнше , монархияның орнына келуге тиiс мемлекеттiк кұрылым түрін таңдау , ақырында , ұлттық мемлекет нобайын жанғырту және отаң тап туын көтерушілерге орын беруі сөз болады . Ал жинақтың алтыншы , жетінші бөліктерінде советтік кезеңдегі күрес түрлері әңгімеленеді . Тәуелсіздік дәуiрiндегi күрестерге де екі тарау арналған . Бiрiнде — партия совет билiгiнiң соңғы қылмысы және оны әшкерелеудiң қиын жолы, екiншiсiнде — баянды болашақты қамтамасыз етуге тиіс шара- сананы жаңғыртуға мән берушiлердiң  іс- әрекеті баяндалған.                                               Осындай тақырыптарды қозғаған  «Өмiр – күрес» жинағы Отан тарихын білуге әуестік танытатын жастарға,  студенттер мен оқушыларға , қалың көпшiлiкке арналған.


Момышұлы Б.
Қойын дәптер кұпиялары . Ноқтаға басы сыймаған . Көптомдық шыгармалар жинағы . 31 — том . — Алматы : « Өнер»  баспасы , 2021. — 344 бет .                      ISBN 978-601-209-273-8
Қазак халқының Қаhарман Перзенті, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағы бұған дейiн ( 2008-2010 ж . ) басылып шыққан болатын. Ендi  « Өнер » баспасынан көптомдықтардың тағы да кезектi он томы жарық көруге дайындалып отыр. Қолдарыңыздағы 31 — томның « Қойын дәптер кұпиялары » атты 1 – бөлімінде Әлімбай Найзабаев дайындаған — Баукеңнiң кейбiр жазбаларының қысқаша үзiндiлерi , хаттары мен ойлары , т.б. жәдiгерлерi жарияланып отыр . Ал,  «Ноқтаға басы сыймаған» атты 2 — бөлiмiнде Ш.Мұртаза , Е.Әлiмжан , М.Қожахметова , Ж.Бөдешов сынды қаламгерлердiң Батыр Бауыржан рухына арналған драмалық шығармаларын ұсындық.


Жұмат — Әлмашұлы Ж.
Сөз жұпары . Еркiн жазылған жазбалар / Жолтай Жұмат — Әлмашұлы.- Алматы : ЖШС РПБК « Дәуір» , 2021. — 432 б .
ISBN 978-601-217-736-7
Қазақ оқырманына кеңiнен танымал қаламгердiң бұл кезектi кiтабы тәуелсіздік жылдарындағы iзденiстiң жемiсi . Мұның жазылу формасы да, айтар ойы да барынша соны.                                                                                                           «Ақыл аристократы»- негiзiнен ой — толғамдар мен пәлсапалық туйiндердiң топтамасы . Қаламгер әдебиет — философия — иман — өмiр деген тiршiлiк дiңгектерiн қатар ала отырып, сөз кестелеп, ой әлемiне жетелейді . «Екі ғасыр арасында» — әр кездерде жазылған, өмiр туралы және замандастар жайлы ой — толғамдар шоғыры . Кiтап жалпы әдебиет сүйер қауымға арналған.


Ұрпағына ұран болған аналар : танымдық – көпшілік басылым . Құрастырғандар : Ш. Бейсенова , Ж. Аймұхамбет . – Нұр-Сұлтан : Фолиант , 2021. – 208б.                            ISBN 978-601-338-777-2
«Ұлы Дала арулары » сериясының үшiншi кiтабы  «Ұрпағына ұран болған аналар» деп аталады . Кiтапқа ел тарихында есiмi ерекше аталып келген аяулы аналарымыздың, ару қыздарымыздың ұлтқа үлгi , ұрпаққа өнеге боларлық тағылымдары , елдiктi нығайтудағы iс-әрекеттері туралы танымдық жазбалар енгiзiлдi.

 

 

 


 

Яндекс.Метрика