Нәрешов Рамазан

Рамазан Нәрешов 1927 жылы наурыз айының 4 –  жұлдызында Атырау қаласы облысы, Қызылқоға ауданында туған.  Қарағанды  қаласындағы  № 2 қазақ орта мектебінің түлегі. Рамазан 1942 жылы осы инстуттың филология факультетінің бірінші курсына оқуға түседі.  Институтты бітіргеннен кейін облыстық газетте әдеби қызметкер боп істеді. 1944 – 1946 жылдары Нұра ауданында Киевка селосында орта мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ берді. 1946 жылы қазақтың С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетеінің филология факультетінің екінші курсына оқуға түседі. Қазіргі академик – жазушы Зейнолла Қабдолов, танымал ақын Аманжол Шамкенов, халық жазушысы Сафуан Шаймерденовпен бір курста оқиды. Рамазан қоғам жұмысына белсене қатысады. Әдебиетке деген деген алғырлығын танытады, ұлы ғалым, жазушы Мұхтар Әуезов, Есмағамбет Ысмайылов, Бейбембай Кенжебаев т.б. оқымыстылардың көзіне түседі. Ректорат, деканат басшыларының ұйғарымымен көп ұзамай  Р. Нәрешов үшінші  курсқа көшіріледі.  Бұл курста халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов ғылым докторы, жазушы Мырзабек Дүйсеновпен бірге оқиды. Рамазан да сабағын оқи жүріп, қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасына корректор болып орналасады. Белгілі жазушымыз Т. Ақтанов, Т. Әлімқұлов,  М. Дінішев,  Д. Қосановтармен бірге қызмет атқарады. Қ. Аманжолов, Т. Жароков, Қ. Бекхожиндармен кездесіп танысады. Олардан тәлім – тәрбие алады, әдебиет, мәдениет, жөнінде білімін шыңдай түседі. Ара – тұра сын мақалалар, өлең жазумен машықтанады. Осы жинаққа енген «Ұмытылмас бейне» естелігінде Р. Нәрешов дарынды ақиық ақын Қ Аманжоловпен алғашқы кездесу сәттерін, ақындық шеберлігін, адамгершілік қасиеттерін ерекше баяндаған.

 

Өмір өткелдері

https://www.calameo.com/accounts/7570599

Яндекс.Метрика