Ерпанов Әбубәкір

Узники концлагерей Баймырза (рус)

Ерпанов Әбубәкір Қостанай облысы Қармақшы ауданының  3-ші ауылында 1918 жылдың 10-шілдеде дүниеге келген. Ата–анасынан ерте айрылған Әбубәкір туысқандарының қамқорлығында болып, кейіннен балалар үйінде тәрбиеленген.

1938 жылы мектепті бітірген соң, Қызылордадағы педагогикалық училищеге түседі. Оқуда жүрген жерінен 1939 жылы Отан алдындағы азаматтық парызын өтеуге шақырылған.

1941 жылдың маусымына дейін Москва, Ленинград қалаларында атқыштар полкінде  әскери  даярлықтан өтіп, майданға барған. Жан алысып, жан беріскен ауыр шайқастарда — Чехословакия, Латвия жерлерінде болады.

Майдан даласында  жүргенде тұтқынға түсіп, концлагерьде болады. Соғыс саябырлаған соң Жапонияға жібермек болады, алайда вагон болмаған соң, Украинаның Донбасс  жерінде 2 жыл қызмет істейді.

Соғыстан кейін Қызылордаға келіп оқуын жалғастырып, 1948 жылы педучилищені бітіріп шығады. Бастауыш сынып мұғалімі дипломымен өз ауылына келіп, мектепте 1948-1956 жылдар мұғалімдік қызмет істейді.

1957 жылы отбасы жағдайына байланысты Өзбекстан жаққа көшіп кетеді. 1957-1975 жылдары зейнеткерлікке шыққанша сол жерде абыройлы еңбек етеді. Мыңдаған шәкірттер зердесіне мәңгілік зерделеніп қалған аяулы ұстаз, білімдар азамат үлкен отбасының ұйытқысы болып, зайыбы Айнаш әжемен бірге 10 бала тәрбиелеп, ұлағатты ұрпақ өсіріп, тамыры тереңге жайылған бәйтеректей соңында  айшықты  із қалдырып, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған. 2008 жылы қайтыс боған.

Яндекс.Метрика