Книги за февраль 2021 год

Мұқанов Сәбит

Таңдамалы шығармалар, 10 томдық. Т.1. Мөлдір махаббат. Роман.- Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020.-496 бет.

ISBN 978-9965-22-599-4

ISBN 978-9965-22-600-7

Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың 120 жылдық мерейтойына орай шығарылып отырған көптомдық щығармалар жинағының бірінші томына «Мөлдір махаббат» романы еніп отыр. Ең алғаш «Адасқандар» деп 1931, 1935 жылдары жарық көрген бұл роман 1959, 1961 жылдардағы басылымдарында көптеген өзгерістер мен түзетулер енгізіліп «Мөлдір махаббат» деп жарияланған. Кітапқа жазушының он алты томдық таңдамалы шығармалар жинағындағы (1972) нұсқасы алынды.


Мұқанов Сәбит

Таңдамалы шығармалар, 10 томдық. Т.2. Ботагөз. Роман.- Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020.-464 бет.

ISBN 978-9965-22-599-4

ISBN 978-9965-22-601-4

Алғаш рет 1938 жылы «Жұмбақ жалау» деген атпен жарық көрген бұл роман 1948, 1953, 1968 жылдардағы басылымдарында өңделіп, толықтырылып «Бөтагөз» деп аталды. Көптомдыққа жазушының он алты томдық таңдамалы шығармалар жинағындағы (1972) нұмқасы алынды. Роман Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының тарихи-әлеуметтік себеп-салдарларын жан-жақты қамтиды.


Мұқанов Сәбит

Таңдамалы шығармалар, 10 томдық. Т.3.  Өмір мектебі. Роман.(Бірінші кітап)- Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020.-478 бет.

ISBN 978-9965-22-599-4

ISBN 978-9965-22-602-1

С. Мұқановтың көптомдық шығармалар жинағының бұл томына атақты «Өмір мектебі» трилогияның бірінші кітабы еніп отыр. Мемуарлық роман алғашқыда «Менің мектептерім» деп аталған. «Азапты жолды» деп аталған бұл бөлімде еліміздің қазан төңкерісіне дейінгі тұрмыс-тіршілігі қамтылған.


Мұқанов Сәбит

Таңдамалы шығармалар, 10 томдық. Т.4.  Өмір мектебі. Роман.(Екінші кітап)- Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020.-488 бет.

ISBN 978-9965-22-599-4

ISBN 978-9965-22-603-8

Жазушының көптомдық шығармалар жинағының бұл томына атақты «Өмір мектебі» трилогиясының 1953 жылы жарық көрген екінші кітабы еніп отыр. Ол «Азатты жолда» деп аталған.

 


Мұқанов Сәбит
Таңдамалы шығармалар, 10 томдық. Т.5. Өмір мектебі. Роман.(Үшінші кітап)- Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020.-488 бет.
ISBN 978-9965-22-599-4
ISBN 978-9965-22-604-5

Қаламгердің көптомдық шығармалар жинағының бұл томына атақты «Өмір мектебі» мемуарлық трилогиясының 1964 жылы жарық көрген үшінші томы енген. Жазушыға бұл шығармасы үшін 1967 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берліген.

 

 


Мұқанов Сәбит

Таңдамалы шығармалар, 10 томдық. Т.6.  Аққан жұлдыз. Роман.(Бірінші кітап)- Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020.-392 бет.

ISBN 978-9965-22-599-4

ISBN 978-9965-22-605-2

Бұл аяқталмаған «Аққан жұлдыз» театрлогиясының бірінші кітабы. Қазақтың ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың балалық шағы, білім жолындағы алғашқы қадамдары суреттеледі.

 


Мұқанов Сәбит

Таңдамалы шығармалар, 10 томдық. Т.7.  Аққан жұлдыз. Роман.(Екінші кітап)- Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020.-464 бет.

ISBN 978-9965-22-599-4

ISBN 978-9965-22-606-9

Бұл С. Мұқановтың аяқталмаған «Аққан жұлдыз» театрлогиясының кітабы. Қазақтың ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың адам тану ел тану, жер тану сапарлары суреттеледі.

 


Мұқанов Сәбит

Таңдамалы шығармалар, 10 томдық. Т.8.  Поэмалар.- Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020.-432 бет.

ISBN 978-9965-22-599-4

ISBN 978-9965-22-607-6

С. Мұқанов қазақ поэзиясының поэма жанрында да өнімді еңбек еткен. Өлеңмен жазылған романы «Сұлушаш» 1928 жылы жеке кітап болып шыққан. Бұл томға ақынның он поэмасы енген.

 


Мұқанов Сәбит

Таңдамалы шығармалар, 10 томдық. Т.9.  Қазақ қауымы.- Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020.-376 бет.

ISBN 978-9965-22-599-4

ISBN 978-9965-22-608-3

Академик-жазушы С. Мұқановтың «Қазақ қауымы» атты бұл еңбегінде халқымыздың тарихына, этнографиясына, салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне, жан азығына жан-жақты баға берілген. Кітапқа жазушының замандастары туралы бірнеше естеліктері де енген.

 


Мұқанов Сәбит

Таңдамалы шығармалар, 10 томдық. Т.10.  Жарқын жұлдыздар.- Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020.-400 бет.

ISBN 978-9965-22-599-4

ISBN 978-9965-22-609-0

«Жарқын жұлдыздар» аы зерттеу еңбегінде С. Мұқанов халқымыздың екі ұлы перзенті-Шоқан мен Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайында ой толғайды. Осы кітабы үшін ол Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығы алған.

 


Рәш М.

Шабыт шағаласы. / Мыңбай Рәш.- Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2020.

ISBN 978-601-7599-06-5

Т.:3 Жырларым-сырларым.-516б.

ISBN 978-601-7599-13-3

Қазіргі қазақ сатирасының ақсақалы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Тың жерді игергені үшін», «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарының иегері және Халықаралық сықақшылар конкурсының, Дүниежүзілік жастар фестивалі, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырған «Алтын алма» байқауының лауреаты, «бір өзі — бір театр» атанған Мыңбай Рәш есімі XX ғасырдың елуінші жылдарынан бері қарай қалың оқырманға етене таныс.

Қаламгердің Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, халықтар достығы, қарапайым еңбек адамдарының өмірі, бүгінгі замандас бейнесі сынды алуан тақырыпты қамтитын бес томдық таңдамалы шығармалар жинағы өмірдің өзекті мәселелерін уытты тілмен нысанаға алуымен құнды. Сон- дықтан да, жазушы, сатирик, эпик ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы орны ерекше.

Автор бес томдық шығармалар жинағының «Шабыт шағаласы» атты үшінші томына әр жылдарда жазылған өлеңдері еніп отыр.


Рәш М.

Шабыт шағаласы. / Мыңбай Рәш.- Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2020.

ISBN 978-601-7599-06-5

Т.:4 Дастандар мен толғаулар.-520б.

ISBN 978-601-7599-12-6

Қазіргі қазақ сатирасының ақсақалы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Тың жерді игергені үшін», «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарының иегері және Халықаралық сықақшылар конкурсының, Дүниежүзілік жастар фестивалі, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырған «Алтын алма» байқауының лауреаты, «бір өзі — бір театр» атанған Мыңбай Рәш есімі XX ғасырдың елуінші жылдарынан бері қарай қалың оқырманға етене таныс.

Қаламгердің Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, халықтар достығы, қарапайым еңбек адамдарының өмірі, бүгінгі замандас бейнесі сынды алуан тақырыпты қамтитын бес томдық таңдамалы шығармалар жинағы өмірдің өзекті мәселелерін уытты тілмен нысанаға алуымен құнды. Сон- дықтан да, жазушы, сатирик, эпик ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы орны ерекше.

Автор бес томдық шығармалар жинағының «Топ жарған елім» атты төртінші томына қаламгердің соңғы жылдары жазған шығармалары (дастандар мен толғаулары) топтастырылған.


Рәш М.

Шабыт шағаласы. / Мыңбай Рәш.- Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2020.

ISBN 978-601-7599-06-5

Т.:5 Мақалалар жинағы.-416б.

ISBN 978-601-7599-11-9

Қазіргі қазақ сатирасының ақсақалы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Тың жерді игергені үшін», «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарының иегері және Халықаралық сықақшылар конкурсының, Дүниежүзілік жастар фестивалі, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырған «Алтын алма» байқауының лауреаты, «бір өзі — бір театр» атанған Мыңбай  Рәш есімі XX ғасырдың елуінші жылдарынан бері қарай қалың оқырманға етене таныс.

Қаламгердің Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, халықтар достығы, қарапайым еңбек адамдарының өмірі, бүгінгі замандас бейнесі сынды алуан тақырыпты қамтитын бес томдық таңдамалы шығармалар жинағы өмірдің өзекті мәселелерін уытты тілмен нысанаға алуымен құнды. Сон- дықтан да, жазушы, сатирик, эпик ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы орны ерекше.

Автор бес томдық шығармалар жинағының «Асыл ағалар» атты бесінші томына қаламгердің есімі елеулі есімі елеулі тұлғалар туралы жазған мақалалары топтастырылған


Абай. Шығармаларының академиялық толық жинағы. Үш томдық. 1-том / Томды құрастырып, баспаға дайындағандар: Матыжанов К.І., Мәдібаева Қ.Қ. (түсініктері жазған), Шапай Т.М., Қыдыр Т.Е., Тұрсынбайұлы Б., Жұматаева А.Н.-Алматы: «Жазушы» баспасы, 2020.-640 бет.

ISBN 978-601-200-724-4

Үш томдық толық жинақ Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, текстологиялық зерттеулер негізінде қайта сараланып, мазмұндық, мәтіндік, құрылымдық тұрғыдан толықтырылып құрастырылды.

Академиялық жинақтың бірінші томында ақының өлеңдері мен аудармалары берілді.

 


Абай. Шығармаларының академиялық толық жинағы. Үш томдық. 2-том / Томды құрастырып, баспаға дайындағандар: Матыжанов К.І., Қорабай С.С., Қыдыр Т.Е., Шүкіман Е.Т.,  Жұматаева А.Н. -Алматы: «Жазушы» баспасы, 2020.-528 бет.

ISBN 978-601-200-725-1

Үш томдық толық жинақ Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, текстологиялық зерттеулер негізінде қайта сараланып, мазмұндық, мәтіндік, құрылымдық тұрғыдан толықтырылып құрастырылды.

Академиялық жинақтың екінші томында ақының  поэмалары, қара сөздері мен хаттары, музыкалық шығармалары берілді.

 


Абай. Шығармаларының академиялық толық жинағы. Үш томдық. 3-том / Томды құрастырып, баспаға дайындағандар: Матыжанов К.І., Қорабай С.С., Қыдыр Т.Е., Әуесбаева П.Т.,  Жұматаева А.Н. -Алматы: «Жазушы» баспасы, 2020.-488 бет.

ISBN 978-601-200-726-8

Үш томдық толық жинақ Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, текстологиялық зерттеулер негізінде қайта сараланып, мазмұндық, мәтіндік, құрылымдық тұрғыдан толықтырылып құрастырылды.

Академиялық жинақтың үшінші томында Абай шығармалары қолжазбаларының ғылыми симпаттамасы мен ақынның 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген тұнғыш жинағының литографиялық көшірмесі және қазіргі қазақ жазуына түсірілген нұсқасы берілді.


Байахмет Жұмабайұлы

«Қазақ балаларының байырғы ойындары» (Халық арасына кең тараған балалар оыйндарына арналған) – Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2020 ж.-256 бет.

ISBN 978-601-7172-97-8

Ежелден сайын далада ерлік пен өрлікті рухына азық етіп келген қазақ халқы өз ұрпақтарының дені сау, парасатты, асқақ ойлы болып өсіп, жетілуі үшін тұрмыстан ойып алған ойын түрлерін қалыптастырды.

Өзіндік ерекшелікке ие, ұлттық бояуы айқын «Қазақ балаларының байырғы ойындары» кітабы қашан да өз құндылығын жоймай, болашақ ұрпақтың сана-сезімін, ақыл-парасатын жетілдіріп, дені сау азамат етіп тәрбиелеуде құнды кұралы болмақ.


Досаханов А.Х.

Первые: врачи Алаш. 1 том. – Алматы : Сөздік — Словарь, 2020. – 368 с.: ил.

ISBN 978-601-7809-30-0

ISBN 978-601-7809-31-7 (Т.1)

В книге врача и исследователя Алихана Досаханова на основе архивных и литературных источников расмотрены краткая история становления и развития медицины, здравоохранения Казахстана, начиная с ХV века; вопросы подготовки врачей из коренного населения Казахстана в ХІХ-ХХ веках. Представлены биографические очерки об известных врачах, завершивших учебу в университетах России и в г. Ташкенте в 1887-1972 гг., об их многогранной деятельности.

В первые на конкретных примерах показано действенное участие первых врачей в деятельности национально-освободительного движения «Алаш», вработе правительства «Алаш-Орда». Представлены очерки о выдающихся народных целителях; об ученых-медиках и врачах, удостоенных впервые высших ученных степеней и званий СССР и Казахстана; о храбрых девушках-врачах-героях и офицерах Второй мировой войны. Эта книга – о жизни замечательных просвещенных людей,являвшихся образцами патриотизма, преданности гражданскому и врачебному долгу.

Книга рассчитана на историков, врачей, фармацевтов: профессорско-преподавательский состав и студентов медецинских университетов и колледжей; на всех, кому не безразлична жизнь, героическая и драматическая судьба врачей- представителей первой-третьей волн национальной интеллигенции.


Досаханов А.Х.

Первые: медицинские фельдшеры Алаш. 2 том. – Алматы : Сөздік — Словарь, 2020. – 320 с.: ил.

ISBN 978-601-7809-30-0

ISBN 978-601-7809-32-4 (Т.2)

В книге врача и исследователя Алихана Досаханова на основе обширных

архивных документов, материалов и литературных источников расмотрены

вопросы подготовки оспопрививателей, фельдшерских учеников и фельдшеров из представителей коренного населения Казахстана

в ХІХ- начале ХХ веках. Представлены биографические очерки о медецинских фельдшерах,  завершивших учебу в средних медицинских учебных заведениях  России в 1858-1917 гг., а также об известных советских врачах; об их многогранной деятельности.

В первые на конкретных примерах показано действенное участие первых фельдшеров в деятельности национально-освободительного движения «Алаш», о храбры и отважных девушках-фельдшерах и врачах -офицерах Второй мировой войны. Эта книга – о жизни замечательных просвещенных людей,являвшихся образцами патриотизма, преданности гражданскому и врачебному долгу.

Книга рассчитана на историков, врачей, фельдшеров, фармацевтов: профессорско-преподавательский состав и студентов медецинских университетов и колледжей; на всех, кому не безразлична жизнь, героическая и драматическая судьба медиков- представителей первой-третьей волн национальной интеллигенции.


Камиль Муллашев. Kamil Mullashev

Кітап-альбом. Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2020.-480 бет.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

ISBN 978-601-338-545-7

Кітап-альбом жылдар бойы жанрда табысты жұмыс істеп келе жатқан қазақстандық суретші Камиль Муллашевтың туындыларынан тұрады. Ол тек классикалық  қана емес, сондай-ақ қазіргі заманғы авангард және постмодернистік кескіндеме техникасының хас шебері. Өз картиналарында бір тарихи дәуірден екіншісіне ойша шарықтап, оларды үйлесімде бейнелейді.

Танымал суретші бүгінде жаңа бейнелеу техникасы мен көркем кеңістіктерді игеріп, жаңа жоспарлар мен жарқын ойларын жүзеге асыруда.


Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері: есімнамалар энциклопедиясы. Представители этносов Казахстана в искусстве и культуре энциклопедия персоналий: Авторы / Автор: М.Шаймерденова. Құрастырушы-авторлар / Авторы-составители: Ш.Амирбеков, М.Шаймерденова, А.Рамазан, К.Биекенов.-Алматы: «Издательство Золотая Книга», ЖШС, 2020.-320 б.

ISBN 978-601-7988-25-8

Тұлғалар энциклопедиясы оқырмандары түрлі этностардың өкілдерімен, олардың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесімен таныстырады. Басылым әртүрлі энциклопедиялардың, Қазақстанның көрнекті қайратраткерлеріне арналған еңбектердің, сондай-ақ «Рухани жанғыру» бағдарламасының тұжырымдалық аппаратының жалғасы болып табылады.

Энциклопедияның бірегеілігі – оның құрамында Қазақстанда да, оның шегінен тыс жерлерде де белгілі үш этникалық топ өкілдерінің өмірбаяндық құнды мәліметтері қамтитындығы. Құжаттамалы деректер «әртүрліліктегі бірлік» қағидасына сәйкес мұраттардан, сұхбаттардан, медиа-ресурстардан және ХХІ ғасырдағы жаңғыртылу үрдістерінің тұрғысынан аланды.

Энциклопедия оқытушыларға «Қазақстанның қазіргі тарихы», «Мәдениеттану», «Тіл және этнос» пәндерін оқыту кезінде, студенттер мен магистранттарға, сонымен қатар оқырмандардың кең ауқымына паыдалы болады.


Тынышбек Дайрабай

«Түркістан 1866-1872», «Туркестан 1866-1872», «Turkestan 1866-1872»-Алматы: «Азия Арна» Баспасы ЖНС, 2020.-344 б.: қазақша, орысша, алғылшынша.

ISBN 978-9965-23-580-1

«Түркістан» альбомында Қазақстан және Орта Азия халықтарының тарихы, мәдени, кәсіптік, археологиялық, этнографиялық ескерткіштерінің ең озық үлгілері жинақталынға. «Түркістан» фотоальбомы Түркістан генерал-губернаторына (1867-1917 жж.) қараған Жетісу, Сырдария, Заравшан округі, Самарқанд, Ферғана (Қоқан хандығы) облыстары қамтыған. Альбом қалың оқырманға арналған.

 


Ораз Н.

Қыз  мұнарасы: Хикаят, әңгімелер, эсселер, этюдтер / Нұрғали Ораз.-Алматы: «Қайнар баспасы» ЖШС, 2020.-384 бет.

ISBN 978-601-212-094-3

Халықаралық «Алаш» және М.Қашғари атындағы сйылықтардың лауреаты, белгілі жазушы Нұрғали Ораздың «Қыз мұнарасы» атты бұл кітабына соңғы жылдары жазған хикаят, эссе, этюдтері жинақталды. Қаламгер өзі жүздескен, сырласқан тағдары қызық жандардың өмірге деген көзқарасын, мінез-құлқын әр түрлі қырынан аша отырып, бүгінгі қоғамның кескін-келбетін айқын бейнелейді. Сондай-ақ, күнделікті тіршілікте жиі кездесетін, әйтсе де, біріміз байқап, біріміз байқамай өте шығатын жайттардың өзінен де салмақты ой түйіп, әсерлі, бояуы қанық портреттер жасайтынына сүйсінесіз.


 

Нугман А.

Певческие традиции и отражение этико-эстетических воззрений в произведениях казахских народных композиторов ХІХ века / Сост. Б. Нугман.-Алматы: Раритет, 2020.-320с.

ISBN 978-601-250-311-1

Согодняшнее нациаональное песенное искусство нуждается в истинно народных исполнителях. Амина Нугман была одной из таких исполнителейц, чей неподрожаемый голос навсегда сохранится в памяти народной. С ее именем связаны возрождение и сохранение многих народных песен, которые могли бы навсегда затеряться в прошлом. Наряду с исполнительской деятельностью, Амина Нугман посвятила всю свою жизнь научным исследованиям народных песен и фольклора. В 1971-1980 гг. вела авторскую научно-позновательную программу «Гәкку» на Казахском телевидении. В 1989 г. основала кафедру народног пения в Государственной консерватории им. Курмангазы.

Данное издание предназначено для истенных ценителей музыкального народного искусства.


 

Дейл Карнеги

Дос табу және адамдарға ықпал ету өнер.-Алматы: «Мазмұндама» қоғамдық қоры, 2020.-312 бет.

ISBN 978-601-06-6217-9

Төңірекпен тіл табысудың қыр-сырын насихаттаған педагог, лектор, қаламгер, психолог Дейл Карнеги жарық көрген 1937 жылдан бермен қарай 15 миллионнам астам данамен таралған өзінің аңызға айналған кітабында адамдармен тіл табыса білудің негізгі қағидаттары, адамға ұнаудың алты амалы, ойыңызбен келісуге адамдардың қалай көндіруге, ренжітіп алмай адамдарды қалай өзгертуге болатынын жазады.


Асанов Б.

Ең әдемі құс қайсы? (балалар және жасөзпірімдерге арналған әдебиет). Б.Асанов-Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ, 2020.-240 бет.

ISBN 978-601-7461-87-4

Болат Асанов-1950 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Қараағаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Ынталы орта мектебін бітірген соң туған ауылында малшы, механизатор болып еңбек жолын бастаған. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетін, Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» университетінің «Педагогика және психология» факультетін тәмамдаған. Аудандық газет редакциясында тілші, бөлім меңгерушісі, орта мектепте Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі және психолог болып жұмыс істеген. Ересектермен қатар балаларға да арналған өлеңдер жазады. «Дала дидары» атты жыр жинағы жарық көрген, «Жетіген» атты ұжымдық жинаққа топтама өлеңдері енген.


Шүйіншәлиева М.

Өкініш: Повесть, әңгімелер.- Алматы : «Қазақ кітабы» баспасы, 2020.-488 б

ISBN 978-601-7608-17-0

Республика оқырмандарына әңгіме, хикая, повесть, драматургия жанрындағы әдеби көркем кітаптарымен кеңінен танылған талантты жазушы Мира Шүйіншәлиеваның «Өкініш» атты кітабы қазіргі көркем прозаның алдыңғы қатарынан орын алады. Тіпті, атақты сыншы, әдебиет зерттеушісі Б.Сарбалаұлы «Өкініш» повесін роман деп бағаласа, белгілі ғылым докторы, әдебиеттанушы Г.Орда бұл еңбек жайлы газет-журналдарға көптеген мақалалар жазды.

Айналамызда өмір сүріп жатқан адамдар арысындағы қарымқатынас, қақтығыс, махаббатт сезімі мен сыны, сан қилы тағдыр тәлкегі арқау болған көркем дүние оқырманды өзіне баурап алады, жетелеп әкетеді. Үш бөлімнен тұратын көлемді повесті оқи отырып, шым-шытырық оқиғаларға тап келесіз. Тілі жүйрік, қаламы ұшқыр қаламгердің сюжет құраудағы шеберлігі, ой сптаудағы тапқырлығы, кейіпкерлердің түрлі мінезі шығармаға деген қызығушылығыңызды оятады. Бұл повесте сатқындық пен ар-намыстан аттау секілді күйбең тіршілікте кездесіп отыратын құбылыстар да да ойлы оқырманды ойландырмай қоймайды.


Жолдасбеков Мырзатай

Жамбыл Жабаев. Ұлы дала ақыны. Қазақ және орыс тілдерінде.Нұр-Сұлтан: «Күлтегін» баспасы, 2020.-224 б.

ISBN 978-601-7318-82-6

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, танымал әдебиетші, түркітанушы ғалым, ф.ғ.д., профессор Мыртазай Жолдасбековтың бұл кітабында ХХ ғасырдың Гомірі атанып жүз жыл жырлаған жыр алыбы Жамбылдың қайталанбас шығармашылығы менхалқымыздың ұшантеңіз байлығы-поэзиямыздың кешегі, бүгіні жүріп өткен жолына жан-жақты талдау жасалған. Сондай-ақ, мұнда Жәкеңнің ұстаздары мен шәкірттері хақында берілген аса құнды мағлұматтар да мол.

Кітап жыр маржанын қадір тұтатын көпшілік қауымға арналады.


 

Айбергенова С.

Тоғысқан тағдырлар: Көркем әдебиет. Мемуар. – Алматы: «Аннұр Сапа» баспасы, 2020. – 264+32 жапсырма бет.

ISBN 978-601-06-6590-3

Бұл кітап-небәрі 30 жыл өмір сүріп, халқының жадынан мәңгі өшпейтін отты өлеідер тудырып кеткен біртаур талант, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, ақын Төлеген Айбергеновтің өмірі туралы мемуарлық шығарма. Мұнда ақын Төлеген Айбергеновтің ата-тегі, тағдырлы ғұмырбаяны туралы тың деректер алға тартылады. Құндылығы сол-Төлеген ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттейтін жас ғалымдарға, ақын поэзиясына құштар жаңа буын, жас ұрпаққа айнымас бағдаршам екендігі. Содай-ақ Төлеген ақынның туған-туыстары мен дос-жарандарының естеліктері де назардан тыс қаламды. Ақынның өз қолымен жазып қалдырған күнделіктері де мұқият қаралды. Әрбір өлеңінің қалай туғандығынан да тың деректер бар. Ақынның жүрекжарды жырларында Қазақ елінің мәңгілігін аңсаған жүректің лүпілі бар.


Суйлеменова Э.Д., Шаймерденова Н.Ж.

«Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы». «Языки Казахстана: социолингвистический справочник»: Кітап.-Алматы: «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020.-480 бет.

ISBN 978-601-7988-21-0

Анықтамалық демографиялық теңгерімсіздік, экзоглостық, көпсубъектілік тұрғысынан қазіргі Қазақстанның тілдік жағдаятының очерктерін қамтиды; Тіл саясатының өзекті терминдері (этникалық тіл, титулдық тіл, титулдық тіл, мажоритарлық тіл және т.б.) нақтыланды; тілдер генеалогиялық және типологиялық жіктелім тұрғысынан жүйеленді; елдегі тілдік жоспарлаудың ерекшеліктері сипатталады.

Анықтамалықта Қазақстан этностарының тілдерін жүйелеу жүзеге асырылды, оан сәйкес мемлекеттік қазақ тілі, орыс тілі, экзогендік және эндогендік тілдер, сондай-ақ иммигранттық тілдер симпатталған.


Әбдіғали Сариев

Таңдамалы шығармалар жинағы. / Әбдіғали Сариев. Құраст. Шайымхан Сариев, Нұрлан Әбдібек.-Алматы: «Қазақ кітабы» баспасы, 2020.-400бет.

ISBN 978-601-7608-16-3

Әбдіғали ақынның өзіне тән ерекшелігі – оның шығармаларының тақырып аясының кеңдігі. Науқаншылдық әдебиеттің қызып тұрған шағында өмір сүрген ақын өзінің шығармашылық еркіндігі сақтап қалған. Ел тарихын жырлап кейіпкерлерінің түрлі образдарын сомдаған ақынның жазба әдебиет талаптарын да меңгергендігі байқалады.

 


Алтаев Ж.

Әл-Фараби және заманауи Қазақстан философиясы. / Ж.А. Алтаев және т.б.: жауапты ред. Ә.А. Құранбек; бас ред. Ж.А. Алтаев.-Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2020.-320 бет.

ISBN 978-601-7674-09-5

Авторлар ұжымы ұсынып отырған монографияда ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің шығарамашылық мұрасының негізгі қырлары ашып көрсетілген. Әл-Фараби энциклопедист-ойшыл ретінде философия, этика, логика, музыка теориясы, дін туралы ілім, математика, мемлекет теориясы және ғылымның басқа да салаларында өзінің төлтума ойларымен мәңгі өшпес із қалдырды. Монографияда әл-Фарабидің философия, логика, этика, руханилық және қоғамдық құрылымның өзекті мәселелеріне қатысты ойлары жүйелі түрде зерделенген.

Еңбек студенттер, магистранттар, докторанттар, жоғары оқу орындарының оқытушыларына және философия, мәдениеттану, дінтану, саясаттану салаларының мәселелері қызықтыратын көпшілік оқырман қауымға арналған.


Алтаев Ж.

Әл-Фараби –Шығыстың ұлы ойшылы. Аль-Фараби-великий мыслитель Востока./ Жақыпбек Алтаев.-Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2020.-400 бет. Қазақ, орыс тілдерінде.

ISBN 978-601-7624-10-1

Аталмыш монографияда «Екінші ұстаз» атанған, әлемдік мәдениет пен қркениеттің дамуына елеулі үлес қосқан Мұсылман ренессансы дәуірінің ұлы ғылымы Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы қарастырылады. Энциклопедист-ғалым ретінде ол философия, этика, логика, музыка теориясы, математика, дін теориясы, мемлекет және құқық теориясы сияқты ғылым салаларын өз ойларымен жетілдірді. Кітапта әл-Фарабидің шығармашылығын зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне шолу жасылынды, сонымен қатар әл-Фарабидің философиясының ерекшеліктері мен оның Антика дәуірінің, сондай-ақ қазіргі заманғы ойыншылдардың көзқарастарынан аыймашылығы көрсетілді. Ұлы ойшылдың онтологиялық, гносеологиялық, әлеуметтік-саяси, этикалық және антропологиялық көзқарастары егжей-тегжейлі зерделенді. Әл-Фарабидің метафилософиясы және дін философиясы ерекше назар аудартады. Ғұлама ойшылдың негізгі идеяларын компаративистикалық тұрғыда, яғни алдынғы буын, қазіргі заманғы және буынның идеяларымен салыстырып, талдау арқылы көрсету еңбектің айрықша ерекшелігі болып табылады. Әл-Фарабидің идеяларын қазақстандық философияда зерттеу аса қызығушылық тудырады.

Кітап әл-Фарабидің философиясына және шығармашылық мұрасына қызығушылық танытатын жалпы оқырман қауымға ұсынылады.


Қайым Қ.

Көпір астындағы үй. / Хикаяттар, әңгімелер, балғындарға базарлық, сахналық қойылымдар.-Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ, 2020.-240 бет.

ISBN 978-601-7461-90-4

Жазушы Қанат Қайымның әңгіме, хикаяттарында кейіпкерлердің алун түрлі мінез-құлықтары шұрайлы тіл, шұғылалы сезіммен өрнектеледі. Кітапта қиын тағдырлы бабалардың тіршілік-тыныстары, арман-тілектері мен ерекше ой-саналарын саралайтын шығармалар топтастырылған. Отанды, елді, табиғатты сүюге, достық, бірлік, өзара сыйластыққа тәрбиелейді.

Кітап жеткіншек ұрпақ-жасөспірімдер, көпшілік оқырман қауым, сондай-ақ балғын бүлдіршіндерге де арналған.


Перес-Реверте, А.

Құрсау немесе өлім үстіндегі оыйн: роман / Артуро Перес-Реверте.-Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2020.-480 бет.

ISBN 978-601-338-490-0

Артуро Перес-Ревертенің соңғы романы «Құрсау немесе өлім үстіндегі ойын» — кең тынысты, шытырман, философиялық терең танымтолғаныспен  жазылған, қазіргі классикалық туындылар деңгейіне көтерілген роман.

Романда испан қоғамы құрылымының өзін өзгертуге қатысты саяси бүліншіліктен бастап, нәзік махаббат сезіміне дейінгі қарулы қақтығыстардың, адами рухани құбылысттардың кенеттен өзгеріп отыруы оқырманын бір селт еткізсе, ол өзгерістердің ақиқат өмірдің шинайы бейнесіндей кең өрісте, бірақ шашырамай, тұтастықта   көркем суреттелуі тағы да ерекше сүйсіінтеді.


Дәуренбеков Ж.

«Ойдауа». (толғамдар).-Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2020.-384 бет.

ISBN 978-601-251-145-1

Белгілі қаламге, Қазақстанның еңбек сіңірген қайратқері, Халықарылық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Жақау Дәуренбековтің бұл жинағына сонғы жылдары әр тақырыпта жазған дүниелері – тірліктің сен тарабында көңілге түрткі болған түрлі сипаттағы тағылымдық ой-толғамдары берілді.

Кітап көпшілік оқырманға арналады.

 


Асқаров Ә.

Туған жерге туыңды тік. / Ел мен жер жайындағы эсселер.-Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ, 2020.-280 бет.

ISBN 978-601-7461-85-0

Қазақтың ұлан-байтақ сақарасы табиғат таңғажайыптарына, нелер бір қызықтар мен тылсым сырларға, ашылмаған ақтаңдақтарға толы. Көрнекті жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚазақстанЖурналистер академиясының академигі, «Парасат» орденінің иегері Әлібек Асқаровтың жаңа жинағына қазақ жерінің көпшілікке белгісіз құпия сырларын ашуға арналған «Көккөл», «Аспантау», «Шанағаты», «Шабанбай», «Қазығұрт», «Мұзтау» деп аталатын эсселері топтастырылып отыр.

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынғаны белгілі. Жазушының бұл эсселері Елбасының осы бастамасымен үндес туындылар.

Өз оқырманын эстетикалық ләзатқа бөлеп қана қоймай, көптеген тың мағлұматпен байытатын бұл жинақтағы эсселердің әрбірі танымдық, тағылымдық көркем дүниелеер. Оқырманын әсте жалықтырмайтын, бүгінгі күннің сұранысына толығымен жауап беретін шығармалар.


Жыр арқауы – Ата Заң. Қазақ ақындарының жыр жинағы. / құраст.: Қайрат Мәми.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-106 бет.

ISBN 978-601-04-5132-2

Бұл кітап Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейтойына арналған. Кез келег Елдің Конституциясы бір күнде пайда болмайды. Қазіргі Ата Заңымыздың түп қайнары-әз Тәукенің «Жеті Жарғысы», Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолының» лайықты жалғасы. Кеңестік мемелекттің Конституциялары да өзінің ықпалын тигізді.

Конституцияны ардақ тұтып, оған жыр арнаған ақындардың көш басында ұлы ақын Жамбыл Жабаев тұрса, соңында  Оразақын Асқар, Серік Ақсұңқарұлы, Нұрлан Мәукенұлы, Кәдрбек Құныпияұлы, Әлия Дәулетбаева сынды айтулы жыр шеберлері тұр.

Кітаптағы көркем туындылар қазақстандықтарды береке-бірлікке, ырысынтымаққа, ел болып    ұйысып, жұрт болып жұмылуға шақырады. Сондай-ақ, тілі жатық, образға бай поэзиялық шығармалар жас ұрпақты отаншылдық, елжандылық, патриоттықа баулуды көздейді, оларды қасиетті елімізді, ұланғайыр жерімізді қадірлеуге, Тәуелсіздігімізді қорғауға үндейді.

Жаңа кітап барша қазақстандықтарға арналған.


Раев, Қ

Алаштың арда ұлдары: мақалалар мен зерттеулер / Қайрат Раев.-Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2020.-106 бет.

ISBN 978-601-338-590-7

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы ренессанс дәуірінде қазақтың болашағы үшін, щның кемелденіп жеке ел болуы жолында бар ғұмырын сарп еткен Алаштың арда ұлдарының жұрт алдындағы сіңірген еңбегі әлі де толық ашыла қойған жоқ. Бұл еңбекте Алаш көсемдерімен қатар жүріп, халқына қалтқысыз қызмет еткен бірқатар азаматтардың өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректер қамтылған.

Кітап қазақ әдебиетінің сол бір дәуірдегі тарихы мен тағдыры қызықтыратын ізденушілерге, магистрлерге, жоғары оқу орны студенттері мен мектеп оқушыларына, мұғалімдерге, жалпы оқырмандарға арналған.


Бектурсунов Н., Макипрв Т.

Патриотами не рождаются : сборник о военно-патриотическом воспитании / Н.Бектурсунов, Т.Макипов.-Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2020.-120 с.

ISBN 978-601-338-610-2

Сборник посвящен солдату  матросу, сержанту и молодому офицеру, а так же тем, кому еще предстоит произнести чеканные слова воинской присяги.

В сборнике отражаются боевые традиции сегодняшних Вооруженных Сил, повествуется о важности строгой солдатской сслужбы, о том как юноши становятся мужчинами, как закаляется в мирные дни характер наследников великих батыров и участников Великой Отечественной войны.

Сборник рекомендуется широкому кругу читателей, его могут читать взрослые, юноши, девушки и школьники классов.


Өрт жылдардың отты жандары (Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстаннан соғысқа шақырылған әйелдер). Құраст., Жунусова К.Е. Қазақ және орыс тілд.-Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2020.-104 бет.

ISBN 978-601-338-609-6

Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) туралы мағлұматтарды «Халық ескерткіштері» атты ресейлік ірі интернет-порталыының негізінде құрастырушы Қазақ ССР-інің әскері комиссариатымен сол сұрапыл жылдары соғысқа шақырылған 50-ден астам қазақ, өзбек, ұйғыр, татар, орыс, беларусь, украин, поляк, еврей сынды ұлт өкілдерінен шыққан нәзік жандылардың ерліктерін тізімдеп, жүйелей көрсеткен.

 


Кристи,А.

Жеті циферблаттар құпиясы (детектив-роман). Орыс тілінен тәржімалаған Зияш Телеуова.-Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2020.-160 бет.

ISBN 978-601-338-602-7

Бұл детектив жиырмасыншы ғасырдың бір топ «алтын жастарының» тыныс-тіршілігі суреттелді.

Ішкі істер министрлігінде қызмет жасайтын бір топ жігіттер демалыстарын бірге өткізеді. Түске шейін ұйкыдан бас көтермейтін жас жігітті ерте тұрғызу үшін олар ойын ойнамақшы болып, сол ойыннан от шығып, мистер Уэйд атты жас жігіт қайтыс болады. Оның ізін досы Ронни құшып , жұмбақ өліммен көз жұмады. Ронни қолында қайтыс болған леди Бандл оның соңғы демі таусылар алдындағы «Жеті Циферблат», «Джимми Тесайтер» деген сөздерін көкірегіне түйіп алып, осы жұмбақ өлімнің сырын шешуге белсене араласады . Қылмысты істерді ашумен айналысатын бас тергеушінің қабылдауында болып, өзі естіген «Жеті Циферблат» деген сөздің мағынасын білгісі келеді. Ақыры оның түнгі клубтардың бірінде жұмыс жасайтын жасырын қоғам екендігін біліп , оның құпиясын ашуға белсене кіріседі.

Шым — шытырыкка толы романның желісі осы жас жігіттермен бірге жүрген, олардың бар қимылын, іс — әрекеттерін білетін Джимми Тесайтердің мистер Уэйд пен Ронни Девердiң түбіне жетуіннен басталады. Ол оңай олжа тауып, баю  үшін өнертапқыштардың миллиондарға баланған формуласын қолға түсіруге жоспар жасап, сонысын жүзеге асыруға тырысады. Бірақ оның арам ойын біліп қалған тергеу орындары қадамын аштырмай, басқан ізін аңдып отырады.

Ақырында, «Жеті Циферблат» қоғамы астыртын ұйым емес, аса қауіпті қылмыстарды ашуға көмектесетін әуесқойлар клубы болып шығады. Оған бағыт — бағдар беріп отыратын қоғам жетекішісі «нөмірі жетінші» бас тергеуші Баттл талай қанқұйлы қылмыстарды ашып, қылмыскерлердің қитұрқы әрекеттеріне жол бермейді.

Шытырман оқиғаның басты, жағымды кейіпкерлері леди Бандл мен мистер Биллдің бір — біріне деген шынайы сүйіспеншілігі осындай қиын кезеңдерде шынығып, ақыры бақыттарына қол жеткізеді.

Романның тілі жеңіл, оқиғасы тартымды.


Дала фольклоррының антологиясы: Он томдық.-Т. 6: Ғұрыптық фольклор / Томды құрастырып, баспаға дайындағандар: Рақыш Ж., Әлбеков Т., Алпысбаева Қ., Әуесбаева П., Жақан Д., Сәкен С.-Алматы: Brand Book, 2020.

ISBN 978-601-08-0112-7

Т.6: Ғұрыптық фольклор. – 2020.-484 б.

Дала фольклоры антологиясының алтыншы томына магиялық фольклор, кәсіпке қатысты фольклор, маусымдық ғұрып фольклоры мен отбасылық ғұрып фольклорының таңдаулы үлгілері топтастырылған.

Кітаптың аудиожазбасы мен электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады.

Антология мектеп оқушыларына,,, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, фольклорлық мұраны қастер тұтатын қалың оқырман қауымға арналған.


Дала фольклоррының антологиясы: Он томдық.-Т. 7: Прозалық фольклор: Ертегілер / Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:  Әлбеков Т., Елесбай Н., Набиолла Н. — Алматы: Brand Book, 2020.

ISBN 978-601-08-0093-9

Т.7: Прозалық фольклор: Ертегілер. – 2020.-488 б.

Дала фольклоры антологиясының 7- томы «Прозалық фольклордың»

ертегі жанрларына арналған. Томға хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, батырлық, новеллалық, сатиралық ертегілердің таңдаулы үлгілері топтастырылды.

Кітаптың аудиожазбасы мен электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады.

Антология мектеп оқушыларына,,, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, фольклорлық мұраны қастер тұтатын қалың оқырман қауымға арналған.


Дала фольклоррының антологиясы: Он томдық.-Т. 8: Прозалық фольклор: Аңыздар / Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:  Әлбеков Т., Мурсалимова Н.М., Оралбек А. — Алматы: Brand Book, 2020.

ISBN 978-601-08-0094-6

Т.8: Прозалық фольклор: Аңыздар. – 2020.-472 б.

«Дала фольклоры антологиясының» сегізінші томы прозалық фольклордың аңыздық  жанрларына арналған. Томға мифтердің, хикаялардың, аңыздардың, әпсаналардың, хикаяттардың, ауызекі әңгімелердің таңдаулы үлгілері топтастырылған.

Кітаптың аудиожазбасы мен электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады.

Антология мектеп оқушыларына,,, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, фольклорлық мұраны қастер тұтатын қалың оқырман қауымға арналған.


Дала фольклоррының антологиясы: Он томдық.-Т. 9: Халық өлеңдері / Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:  Әлбеков Т., Әкімова Т., Еркін Е., Жолдыбай О. — Алматы: Brand Book, 2020.

ISBN 978-601-08-0113-4

Т.9: Халық өлеңдері: Аңыздар. – 2020.-452 б.

«Дала фольклоры антологиясының» тоғызыншы томы халық өлеңдеріне арналған. Томға қара өлең, толғау, терме, тарихи өлең, әниөлең, хат өлең, өтірік өлең, мысал өлең, мысал айтыс, қыз бен жігіт айтыстарының таңдаулы үлгілері топтастырылды.

Кітаптың аудиожазбасы мен электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады.

Антология мектеп оқушыларына,,, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, фольклорлық мұраны қастер тұтатын қалың оқырман қауымға арналған.


Дала фольклоррының антологиясы: Он томдық.-Т. 10: Ғибратты фолькло. Шағын жанрлар / Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:  Әлбеков Т., Сәрсек Н., Салтақова Ж. — Алматы: Brand Book, 2020.

ISBN 978-601-08-0095-3

Т.9: Халық өлеңдері: Аңыздар. – 2020.-472 б.

«Дала фольклоры антологиясының» 10- томына мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, шешендік сөдер, нақылдар, өсиет және қанатты сөздер секілді шағын жанрлар топтастырылып отыр. Кітаптың аудиожазбасы мен электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады.

Антология мектеп оқушыларына,,, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, фольклорлық мұраны қастер тұтатын қалың оқырман қауымға арналған.


Сарханов К.А.

Нарықтағы мал шаруашылығы.-Қарағанды: «Tengri ltd» ЖШС-2019.-168б.

ISBN 978-601-7950-68-2

Кітапта еліміз мал шаруашылығы саласының өткені, бүгіні және келешегі туралы баяндалады

 

 

 

 


Дүйшекеев О.Д., Даленов Ш.Д., Сарханов К.А.

Сүтті ірі қара физиогенетикасы мен селекциясы.-Қарағанды: «Tengri ltd» ЖШС-2019.-356б.

ISBN 978-601-7950-69-9

Кітапта сүтті, сүтті – етті ірі қара мал тұқымдарының өнімділік құндылықтары, кешенді селекциялық, физиогенетикалық негізде, ерте мерзімде болжау мүмкіндіктері туралы, көп жылдық ғылыми-тәжірибелік зерттеулер аясында баяндалады. Бұл ғылыми еңбек мал шаруашылығы мамандарына және жоғарғы оқу орындарында, оқу құралы ретінде де пайдалануға ұсынылады.

 


 

Яндекс.Метрика