Заречное

Садуакасов Досан

Сәдуақасов Досан 1905 жылы Тельман ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Ақжар бастауыш мектебінде білім алған. 1941 жылы Сталин аудандық әскери комиссариатынан соғысқа алынған. 1941 жылдың 20 желтоқсанынан 1942 жылдың 27 мамырына дейін 126-шы атқыштар полкының құрамында болып, кезекті майдан даласындағы ұрыста жау қолына тұтқынға түскен. 1945 жылы 1 мамырда Совет әскерінің күшімен тұтқыннан босаған. Содан 206-шы атқыштар полкында әскери борышын өтеп, СССР Жоғарғы Совет Президиумының Жарлығымен 1946 жылы 13 сәуірде елге оралған. Ақжар селосында мал дәрігері болып жұмыс істеген. 1996 жылы Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалімен марапатталған

Садуакасов Досан
Яндекс.Метрика