Книжные новинки 2017 года

 «Өз елім — өркениетім»/Қ.Бораш.- Алматы: «Қазақстан Кітап Палатасының даму орталығы» ҚҚ, 2016.- 384 б.

Публицист-журналист Қуат Бораштың «Өз елім — өркениетім» кітабына отанға деген сүйіспеншілік, ата-мекенді ардақтау, қазақ халқының әлемдік өркениеттегі орны, тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық сананың жаңғыру үдерісі, рухани-мәдени  кеңістікті сақтап қалудың өзекті мәселелері арқау болады. Бұған дейін автордың «Біздің белес», «Жұмыр жердің жұмағы» атты кітаптары жарық көрді.

Құланның  ажалы:  роман, хикаяттар/ Ақан Нұрманов.- Алматы: «Нұрсәт» баспасы, 2016.- 380 б.

Аз ғана ғұмыр кешсе де соңына өшепс мұра қалдырған жазушы Ақан Нурмановтың бұл кітапбына «Құланның ажалы» романы мен бірқатар хикаяттары енді.

Романның негізгі желісі – 1916 жылғы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі. Еңбек еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарық көріп отыр.

 

 

 Таңдамалы шығармаларының жинағы: 5 томдық./ Мәди Айымбетов.- Алматы: РПБК «Дәуір», 2016.-496 б.Жазушының өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бүгінге дейінгі уақыт аралығында жарық көрген «Құла түздегі үнсіздік», «Кәрі жыланның азасы», «Ақша бұлт — Таңкөрік», «Құмөзектін Донкихоты», «Сырлы зерен», «Құлан елес» және тағы басқа да әңгімелер енгізілген. Әңгімелерде әртүрлі образдар арқылы адам әлемінің психологиялық, әлеуметтік сипаттағы тұтастай бір галереясы жасалған. Көп томдық таңдамалы шығармалардағы әңгімелер көпшілік қауымға арналаған.
 Тәуелсіздікке талпыныс: публицистикалық мақалалар/Көлбай Адырбек.- Алматы: «Айғаным» баспа үйі, 2016.-380 бет.Белгілі журналист, қаламгер Көлбай Адырбектің жинағына еліміздің тәіелсіздік алуына баспалдақ болған оқиғалар өзек болған. Автор Кеңес Одағының тарауына аса күшті ықпал еткен Желтоқсан оқиғасы жайлы ешбір боямасыз, егжей-тегжейлі нақты міліметтер мен деректерге сүйене отырып баяндайды.
 Мысырдағы түркі-қыпшақ әдебиеті: Монография./Ақжігіт Әлібекұлы.Алматы: «Массагет 21», 2016.-208 бет.Бұл еңбекте Мысыр жерінде жазылған түркі-қыпшақ әдебиеті жан-жақты  қарастырылады. Түркі халықтарының әдебиетінде ерекше орын бар «Оғызнама», «Құтадғу білік» дастарының және Сыр бойынан басталған сопылық сарынның мәмлүктер кезіндегі  қыпшақ әдебиетіне әсері зерттеледі. Мысырдағы түркі әдебиетіне – араб-парсы поэзиясынан енген аруз өлшеміндегі мәснәуи, ғазал, қасида сынды жанрлырының көрінісі сипатталып, дәстүрлі түркі өлшемінің ерекшеліктері мен ұқсастықтары талданады.

Монографияда автор мәмлүктер билігі кезінде қыпшақ тілінде жыр жазған ақындар жайында тың деректер келтіріп, олардың шығармаларының жалпы түркі жұртымен  қоса қазақ әдебиетіне де ортақ екендігін  дәлелдеген.

Кітап әдебиеттанушы ғылымдарға, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған.

 Аспантау: Өлеңдер мен ой-толғамдар/ Алмат Исәділ.- Алматы: «Массагет 21», 2016.- 192 бет.Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңба қалыптастырып, ерекше өлең өрнегімен оқырман жүрегіне жол тапқан ақын, аудармашы, журналист Алмат Исәділдің бұл кітабында бұған дейін әдеби ортада лайықты бағасын алған «Жлдар, джолдар», «Көңілалаң», «Көкжиекке сіңген жол», «Бір тамшы…» сынды жыр жинақтары мен басылымдарда жарық көрген туындылары мен ой-толғамдары және кейінгі жылдары жазылған өлеңдері топтастырылған.

Туған жерге деген сүйіспеншілік, көркем табиғатқа құштарлық, кеңістік мен уақыт арасындағы адамдар тағдыры, замана қайшылықтары, ұлттық болмысқа үңілу, ұрпақ сабақтастығы, махаббат, сезім, азаматтық пен адамгершілік сынды құндылықтар – Аспантау деп аталатын қасиетті Хантәңірі өлкесінен түлеп ұшқан талантты ақын Алмат шығармаларының негізі өзегін құрайды

 «Қалам мен ғалам»/ Берік Бейсенұлы.- Алматы: «BAViS systems» ЖШС, 2016.- 324 бет.

 Қазақстанның Мәдениет қайраткері, «Ақпарат саласының үздігі» медалінің иегері, Қазақстан Журналистер Одағы Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты Берік Бейсенұлының «Қалам мен   ғалам» атты жинағында әр жылдарда «Айқын» газетінде жарияланған тарихи-танымдық мақалалары, ой-толғаулары мен жолсапар жазбалары берілген.

Жинақта автор он сегіз мың ғаламның тылсым құпия сырларын қаламына арқау еткен, оқырман қауым тосын құбылыстарға тарең үңіліп, кітапта тың деректерге молынан кезігеді.

Жинақ «»Пікір мен пайым, «Аңыз бен ақиқат», «Ел мен жер» атты бірнеше бөлімнен тұрады. Шұрайлы тілмен жазылған топтамада қызғылықты материал өте мол.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 Қамшысөз: публицистикалық мақалалар/ Айтбай Сәулебек.- Алматы: «Қаламгер» баспасы, 2016.- 342 бет.Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, ондаған кітаптың авторы Айтбай Сәулебектің есімі республикаға кеңінен танымал. Атап айтар болсақ, «Ғарышта – қазақ!», «Ақ пен қара», «Тәуелсіздік нұры», «Жүректегі қызғалдақ», «Махаббатым – өз жүрегім», «Елбасының алтын белгісі», «Золотая колыбель Президента», «Тарихы терең Тартоғай», «Қасиетті қала», т.б. еңбектерімен қалың оқырманға жақсы таныс.

Публицист, жазушы әрі ақын ретінде көпшіліктің көзіне түскен Айтбай Сәулебектің «Қамшысөз» атты жинағына тәуелсіздік жылдарында жазылған сан алуан жанрдағы публицистикалық жазбабары, зерттеулері, әдеби дүниелері топтастырылған.

Автордың тілі жатық, қарапайым. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 Елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар/ Кұраст. Айдос Үкібай.-Алматы: Тау-Қайнар, 2016.- 272 бет.Елбасының қанатты сөздерінің, айшықты афоризмдерінің топтамалары әр жылдары бірнеше рет кітап болып дарық көріп, жұртшылық игілігіне айналғаны мәлім. Бұл жаңа жинақта Мемлекет басшысының тәуелсіздік жылдарындығы түрлі маңызды шараларда сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған, өмірлік тәжірибесінен туған нақыл сөздері, жұртшылыққа танымал өміршең  бастамалары, бұдан бірнеше жыл бұрын айтқан, қазір ақиқатқа айналған берекелі болжамдары мүмкіндігінше хронологиялық ретпен берілді. Осы қанатты сөздердің бүгінгі күнмен берік сабақтастығын көрсету мақсатымен білікті мамандардың түсініктеме-комментарийлері қоса ұсынылып отыр.

Жинақ ел тарихын қадір тұтатын көпшілік қауымға арналған.

 

Мәңгілік өнер: Ою-өрнек тарихы/ Гүлнар Солтанбаева.- Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2016.- 128 бет.Бұл «Мәңгілік өнер» кітабын

да әлем  халықтарының және әртүрлі кезеңдерде ою-өрнек өнерінің пайда болуы мен дамуы қарастырылған. Қазақ халқының  ою-өрнек өнерінің даму тарихы, оның классификациясы келтірілген және қазақ ою-өрнектерінің негізгі элементтерінің символикалық мазмұны айқындалған.

Кітап киім, интерьер, графика, ландшафт дизайнерлеріне, сонымен қатар жоғарғы оқу орындары, колледж студенттеріне, өнер мектебі оқушыларына арналған.

 Қолбасшы күнделігі. Дневник полководца. Книга га казахском и русском языках./ Құраст.Смағұл Бақытбек.- Алматы: «Хантәңірі» баспасы, 2016.-456 бет.Бақытбек Смағұлдың «Қолбасшы күнделігі – Дневник полководца» атты бұл кітабы елі емірене қадірлейтін, білімін – бағдар, өмірін – өнеге, талантын, тазалығын – тағылым асылымыз, ұлы қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерінен құрастырылған. Б.Момышұлы қанша уақыт өтсе де, тот баспайтын, құндылығын жоғалтпайтын ақиқат-шындықты шындап қана қоймай, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа шегелеп қалдырды.

Ұлттық рухы мен ұлттық сана-сезімі батыр бабалардың ерлік, өрлік істерінен нәр алып жатқан ұрпақ қана мемлекетімізді «Мәңгілік елге» айналдырмақ. Бауыржан Мөмышұлының құдіреті ғажап, көркемдік қуаты мол нақыл сөздері мен толғаныс-тебіреністері парасаттылық пен кісіліктің, тазалық пен тектіліктің айдынын аңсаған барша оқырмандар үшін қызықты болары сөзсіз.

 Қазақтың бата-тілек, өсиеттері/ Құраст. Жаңыл Нұралиева.- Алматы: «Балауса баспасы», 2016.- 384 бет.Қазақстың еделгі салт-дәстүрлерінің бірі – бата-тілек білдіру, өсиет айту. Бұл риясыз жақсылық пен игі ықыластың жарқын көрінісі болған. Болар өткір де шешен сөздермен шебер өрілетіндіктен тыңдаушыларының жүрек төрінен орын алып, жан дүниелеріне өшпестей із қалдырып отырған. Олардың тәлім-тәрбиелік мәні де айрықша зор еді. Дәл сол сияқты бабаларымыздан қалған баға жетпес осынау асыл мұра бүгінгі ұрпақ үшін де мол пайдасын тигізе бермек. Жинаққа енгізілген бата-тіліктер, осиеттер кем-кімді де ойландырып, өресі ьиік парасаттылыққа, шынайы ізгілікке талпындырады хақ.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 «Жұмбағы көп жаратылыс»/ Сейсен Әмірбекұлы.- Алматы: «BAViS systems» ЖШС, 2016.- 228 бет.Белгілі журналист Сейсен Әмірбекұлының бұл кітабына «Айқын» газетінде әр кездері түрлі тақырыпта жарық көрген мақала-сараптама, сұхбаттары енген. Кітап «Сыр-сұхбат», «Жазмыш», «Дүние жалған» және «Атамекен сырлары»  деген  төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің өз жүгі бар. Әр мақалаға арқау болған тақырыптары терең де, мазмұнды. Оқырманды ойға жетелейтін кітап сіздің де көңіліңізден шығары даусыз.
 «Көптомдық шығармалар жинағы»/ Р.Сейсенбаев.- Алматы: RS; Халықаралық Абай клубы, 2016.-620 б.«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» кіші бағдарламасы  бойынша жарық көрді».
 «Қара жердің кіндігі».-Алматы: «BAViS systems» ЖШС, 2016.-288б.ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Төреғали Тәшіновтің  бұл жинағы әр жылдардағы мерзімдік баспасөз беттерінде жарияланған тарихи-танымдық мақалалары, публицистикалық ой-толғаулары, көзқарастары, журналистік жазбалары сұрыпталып беріліп отыр. Топтаманың тақырыбы әр алуан болғанымен, танымдылық тағылымы тартымды. Бір сөзбен айтқанда, бұл шұрайлы тілмен жазылғын жинақтан тарихтың, табиғат пен қоғам қойнауының қалтарыс-бұлтарысының, құлыптаулы құпияларынан сыр шертетін, соны пікір, тың деректерге толы қызғылықты материалдарға молынан қанығуға болады.

Кітап қалын оқырманға арналған.

 Сезім сәулесі: публицистикалық мақалалар, әңгімелер/Әлсейіт Оспан.- Алматы: «Айғаным» баспа үйі, 2016.-190 бет.Жазушы Әлсейіт Оспанның бұл жинағына еліміздің Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде жеткен толайым табыстары жайлы ой-толғаныстары, публицистикалық мақалалары, көркем туындылары еніп отыр. Автордың шығармаларынан заман тыныс айқын аңғарылады. Кітаптың тілі көркем, дәйектері орнықты, ойлары салмақты.
 «Көптомдық шығармалар жинағы»/ Р.Сейсенбаев.- Алматы: RS; Халықаралық Абай клубы, 2016.-620 б.«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» кіші бағдарламасы  бойынша жарық көрді».
 «Түнекті  түрген найзағай»/ Н.Қанафияұлы.- Алматы: «Қазақстан Кітап Палатасының Даму орталығы» ҚҚ, 2016.-288 б.Ш.Ш.Уалиханов туралы, оның Қазақстан ғылымының қалыптасуына ықпалы жайында кеңінен мәлім. Ал, Уалихановтың халық ауыз әдебиеті қайнарларын, жан-сезімге сарқылмас күш-қуат беретін осынау асыл арналарды, ақын, жырау, жыршы, музыканттардың баршаға ортақ зерделі ойлары мен көркем теңеулерін ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастырған зерттеушілік қызметін жұртшылық онша біле бермейді. Еңбекте қазақ халқының ұлы перзенті өмірінің осы бір тұстары нақты деректер арқылы баяндалған.
Яндекс.Метрика