Департамент Март 2023

Сөздіктер (Қате қолданыстар сөздігі). Ш.Құрманбайұлы, Ж.Жақыпов,Т.Ермекова,О. Жұбаева,Б.Сүйерқұл,Н.Қожабек, А.Әлменбет – Астана:Zerde Publishing,2022.-406 бет.

ISBN 978-601-80110-9-2

Сөздіктер  республикалық ббұқаралық ақпарат құралдарынан жиналған қате қолданыстар сөз,сөз тіркесі (сөйлем) түрінде нақты мысалдармен беріледі. Берілген мысалдардың лексикалық, грамматикалық,орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық, стильдік қатенің қай түріне жататындығын көрсетіледі.Ондай қателерге жол берілуінің себептері айқындалып,қолданылуға тиіс дұрыс нұсқасы ұсынылады.

Сөздік журналистерге,филологтарға,қазақ тілінде дұрыс сөйлеп,сауатты жазуды мақсат ететін көпшілік қауымға арналады.

 


 

Рамазан Д.Ә.

Дәрмене: көсемсөз,әдеби сын,тарихи зерттеулер / Думан Рамазан.-Алматы «Дәуір»,2022.-528 б.

ISBN 978-601-217-794-7

Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері,халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,таланты қаламгер Думан Рамазаның бұл жаңа жинаған ел,жер,ұлт, мемлекет,тіл,дін,діл қатарлы тақырыптарды қамтыған көсемсөздіктер мақалалары һәм тарихи зерттеулері,әдеби сындары, жол жазбалары мен аудармалары, топтастырылған.

Кітапта өткен тарих пен бүгінгі күннің өзектімәселелері домбыраның қос ішегіндей қатар өроіліп,заман мен қоғам шындығынан  ой тарқатып ,сыр шертеді. Елдің бүгіні мен ертеңі,ұлттық арман-аңсары, жас ұрпақтың болашағы және тәуелсіздік туралы толайым толғаныстар мен сындарлы ой-толғамдар зерделі оқырманның көкірек көзін ашып, санасына сәуле шашары сөзсіз.

 


Асқаров А.

Тағдыр.Судьба. –Алматы: «Мирас» баспасы, 2022. – 575 б.

ISBN 978-601-06-8960-2

Тағдыр! Адам тағдыры! Ес біліп, ат жылын тартып мінуге жарағаннын халқының бел ортасында болып,еліне жарты ғасырдан астам адал қызымет еткен абзал азаматың тағдыры!

Иә,ширек ғасырдан  астам Жамбыл,Алматты,Шымкент облыстарын  басқарған Асанбай Асқаров кезінде республика ғана емес,бұрынғы Одақ көлеміндегі ірі тұлғаларының бірі еді. Қым-қуат күрделі кезеңде көптеген  көрнекті қайраткерлермен қызметтес шаруашылық істерге жұмылдырып отырады. Осындай халқы сүйген өнегелі азамат кейін жазықсыз жалаға ұшырады,түрмеге жабылып,жазықсыз жапа шекті.жақсылықтың да,жамандықтың да бәрі адамдардың ортасында,қоғамдық ортада өтті.Міне,кітап сол адамдар,сол орта жайлы сыр шертеді.

Судьба!Судьба человека! Это судьба человека,отдавшего всего,что в среде своего народа,более сорока лет сулжившегося  на его благо и более четверти века,стоявшего во главе  Жамбылской,Алматинской, Южно- Казахстанской облостей.Он был одним из организаторов масс на выполнение масштабных дел. Немало вложено им труда в становлении Жамбылской,Алматинской, Южно- Казахстанской облостей и строительм тво столицы республики города Алматы.

Он пользовался и пользуется большим авторитетом  и уважением у народа. Несмотря  на все это в результате  гнусной клеветы и зависти оказался в тюрьме. По иронии судьбы Асанбай Аскаров испытал на своем пути радость и горечь. И книга повествует об этом.


Максат ТАЖ-МУРАТ

Анатомия героизма: Неизвестная война Маншук. Алматы. «Абзал-Ай», 2022.-320 стр. + 24 стр. иллюстрированной вклейки.

ISBN 978-601-7172-98-5

Маншук Книга, посвященная 100-летнему юбилею Героя Советского Союза Маметовой, главным образом преследует цель наиболее полного отражения, переосмысления, по сути нового прочтения биографии героини с широким привлечением фактологического материала о ней.

Шаг за шагом, год за годом прослеживая жизнь героини, следуя принципу причинность (каузальность), автор ищет ответ на вопрос: что сподвигло юную девушку, преодолевая препятствия нелегкого времени, добровольцем уйти на фронт, оказаться в самом пекле войны, совершить подвиг, который не перестает волновать умы и сердца людей.

Издание предназначено для историков, специалистов, исследователей первой половины ХХ в., а также для широкого круга читателей.


Вовнянко И. Мой кинотеатр / И. Вовнянко. — Алматы: ИД «Жибек жолы», 2022.

ISBN 978-601-294-369-6

Кн.1: Киносценарии.- 2022. — 600 с.

ISBN 978-601-294-370-2

В первую книгу трехтомника заслуженного деятеля Республики Казахстан, лауреата Государственной премии Казахстана, кинорежиссера, драматурга, видного общественного деятеля Вовнянко Игоря Александровича вошли киносценарии, получившие признание на республиканских конкурсах, реализованные на сценических и съемочных площадках.

Издание адресовано широкой читательской аудитории, в том числе кинопрофессионалам, творческой интеллигенции, студентам кинематографических вузов, то есть всем, кто интересуется кинематографом.


Шаштайұлы Ж.

Толык шығармалар жинағы. 1-том. Повестер мен әңгімелер. Жумабай Шаштайулы. — Алматы: «Liber» баспасы, 2022. — 504 б.

ISBN 978-601-7608-61-3

Қазіргі қазақ прозасында өзiндiк колтаңбасымен көрініп, әдебиет əлемiнде соны сокпагын бедерлеп үлгерген жазушы Жұмабай Шаштайұлының торт томдык толық шығармалар жинағының бірінші томына адам жан дүниесіндегі түрлі құбылыстарды қойнауына бүккен табиғаттың тылсым сырлары нәзік шеберлікпен суреттелетін повестері мен әңгімелері беріліп отыр.

 

 


Шаштайұлы Ж.

Толык шыгармалар жинағы. 2-том. Аяз би. Роман. Жұмабай Шаштайұлы. — Алматы: «Liber» баспасы, 2022. — 504 б.

ISBN 978-601-7608-60-6

Жазушы Жұмабай Шаштайұлының толык шығармалар жинағының екiншi томына кешегі кеңестiк кезеннiң өліара тұсындағы қоғамның партноменклатура деп аталатын болшегінің кұпияға толы катпарларын терен ашуға арналган «Аяз би» романы енiп отыр. Келмеске кеткен Кенес империясына жан-тәнімен кызмет еткендерді бүгін жокка шығару онайдын онайы. Ал дәл сол кезеңге сондағы билік биiгiнде жүргендердiн көзімен карап кордік пе? Кешегі Аяз бидін кебінде болған бүгiнгi Аяз биiмiздiн жансак баскан тұсы кайсы, карапайым пенде ретіндегі өкініш, куанышы кандай? Дәл қазір тәуелсiз казак елінін аязбилер армиясы босағаларына көнетоз шапанын iлiп, тәубелеріне түсе ала ма?  Шығарма осындай астары калың заманауи сұрақтарға жауап iздейдi.


ӘЛІМ Қ.

Махаббат жыршысы. (Әзілхан Нұршайықовпен хаттасулар). —Алматы: «Мерекеніңбаспаларүйі» ЖШС, Mereke baspasy, 2022. — 400 бет.

ISBN 978-601-7845-96-4

Жазушы Қайсар Әлімнің «Махаббат жыршысы» кітабының алтын арқауына Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік және А.А. Фадеев атындағы мемлекетаралық сыйлықтарының лауреаты Әзілхан Нұршайықов екеуінің 30 жылдан астамғы хаттасулары негіз болған.

Көрнекті жазушымен жазысқан хаттарда әдебиет, өмір, дәуір, қоғам жайында қызықты да тұмасы терең, ғибраты мол сырлар шертіледі. Сондай-ақ атақты қаламгердің өз оқырмандары жайлы со жазғандары да хаттарды байыта түсер дәйек болып, ой салар ортак өрімін тапқан. «Әзілхан Халимадан соң» хикаяты, «Әзілхан күнделіктерімде» топтамасы мол рухани тағылымымен куантады.

Осындай алтын арқаулы хаттар легі топтастырылған жинақтың бұл екінші кітабында да бұрнағысынан желі тартқан бай мазмұн шалқарланып, елдік мәселелер күлтеленіп, тәуелсіздікті тамырландыратын толғақты пайымдар жосалана түседі.

Халықтық қаламгер Ә. Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына орайластырылған бұл кітаптың жалпақ оқырманның талғамынан шығарына, рухани өрісті боларына сенімдіміз.


Телеуова 3.

Бет перде: Шытырман оқиғалы көркем әдебиет / Зияш Телеуова. — Алматы: «Дәуір», 2022. 256 6.

ISBN 978-601-217-784-8

Автордың бұл жинағына «Бет перде», «Ең әдемі қылмыскер» және «Бермут үшбұрышы» деп аталған шытырман оқиғалы хикаяттар топтастырылған. Шығармалардың сюжеттері шымыр, оқиға желістері сенімді, тіл оралымы оңтайлы.

Заманауи оқиғалар желісіне құрылған шығармалардың қай-қайсы да оқырманын бейжай қалдырмайды.

 

 


Мекебаев А.

Шығармалары/ Адам Мекебаев. – Алматы: «НұрлыPress.KZ» — 2022, Т.4. — 2022 -384 бет.

ISBN 978-601-7956-22-6

Бұл том — жастықтың желігі көңіліне жел бітірген кезде қателесіп, ақырында басынан бағы тайып, отбасын құрудан мүлде күдерін үзген ақылды да айлалы жанның кенеттен үйленіп ел қатарына қосылу мүмкіндігі байқалған кезде бастан кешетін аласапыран ісәрекеті суреттелетін «Жезтырнақ» романымен басталады. Сонымен қатар қаламгердің «Бойжеткен» повесі, бірнеше әңгімесі, кезінде жазылу шеберлігінің ерекшелігімен оқырман қауымының назарына іліккен — қаламгердің өзі көріп, дәмдес болған ірі тұлғалар жайлы жазылған эсселері, әдеби сын мақалалары, сұхбаттары енген.

 


Қараман Қ.

Қарасақал Ерімбет шайыр / Өмірбаян деректері, асыл мұрасы мен зерттеулер. (Толықтырылған, екінші басылымы) – Алматы, «Тоғанай Т», 2022 жыл, 344 бет.

ISBN 978-601-7626-71-6

Бұл танымдық жинаққа журналист-қаламгердің ХІХ ғаырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында нұсқалы сөздің кестесі атанған, қазақтың жазба әдебиетін өркендетуге сүбелі үлес қосқан Сырдың дүлдүл шайыры Ерімбет Көлдейбекұлының (Қарасақал Ерімбет) ақындық шеберлігі мен асыл мұрасына қатысты көп жылғы зерттеулері еніп отыр. Кітап жалпы әдебиет сүйер оқырманға, сөз қадірін қастерлеп, құрмет тұтатын қауымға арналған. Бұл туынды кезінде республиканың шартарабына тараған еді. Қоғамдық пікірдің ықпалы мен жұртшылық сұранысы ескеріліп, араға он бес жыл салып, оқырман қауымға қайталай жол тартып отырған бұл кітаптың енді, міне, оның толықтырылып, жетілдірілген нұсқасы Ерімбет шайырдың алдағы 175 (2025 ж.) жылдығына орай көпшілік назарына ұсынылып отыр.


Ұлы даланың көне сарындары: Антология. Үш томдық. — Т. 2: Аспаптық көне сарындар. Дәстүрлі күй өнері / Жауапты редактор Қазтуғанова А.Ж. -Алматы: «Вrand Вооk», 2020. — 1184 бет.

ISBN 978-601-08-0111-0

«Ұлы даланың көне сарындары» антологиясының екінші томына қазақтың көне аспаптары — шаң қобыз, саз сырнай, сыбызғы, қобыз, шертер, үш ішекті домбыра сарындары және аймақтық күйшілік өнеріндегі домбыраға арналған халық күйлері мен кәсіби күйші-композиторлардың туындылары енгізілді. Ұлттық музыканың таңдаулы үлгілері белгілі өнерпаздардың орындауында нотаға түсіріліп, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі ғылыми-танымдық түсініктемесімен берілді.

Кітаптың аудиожазбасы мен электрондық нұсқасы QR код арқылы Интернет қолданушылардың баршасына қолжетімді болады.

Антология мектеп оқушылары мен оқытушыларына, орта және жоғары оқу орындарының студенттері мен профессорлық құрамына, ізденушілер мен ғалымдарга, дәстүр мен халықтық музыкалық мұраларға қызығушылық танытатын көпшілік қауымға арналған.


Тәжмағамбетова (Мыса) М.

Құрақ көрпе: Өлеңдер, поэмалар, баллада / Мақпал Тәжмағамбетова (Мыса). — Алматы: «Дәуір», 2022. — 216 б.

ISBN 978-601-217-810-4

«Құрақ көрпе» — талантты ақын Мақпал Тәжмағамбетованың (Мысаның) алтыншы жыр жинағы. Бұл кітапқа кейінгі жылдары жазған жырлары топтастырылып отыр. Өрнекті тіл, образды ой, сезім тазалығы Мақпал өлеңдерінің өзегі десе болады.

Туған жер, өмір, сапар саздары, табиғат пен махаббат лирикасы, тарихи поэмалары, балладалары оның ойымен оқырман жүрегін баурап алатыны сөзсіз. Бұл жинақ — ақынның тың өрісі, жаңа белесі.


Нұржан С.

Жастықтың жазғы жайлауы. Жыр кітабы. / Нұржан Светқали. — Алматы: «Асыл сөз» баспасы ЖШС, 2022. — 760 бет.

ISBN 978-601-80713-7-9

Кітаптың аты айтып тұрғандай, Светқали Нұржанның бұл жинағы белгілі шайырдың сонау бөзжейде бозбала шағы мен ақжелең жігітгік дәуренінде жазылған жырларды қамтиды. Мұндағы туындылардың тілі шұрайлы, образдар әлемі шырайлы, ойлары өткір. Оқырманды өлеңнен өлеңге жетектеп отырады

Нұржан С.

Жастықтың жазғы жайлауы. Жыр кітабы. / Нұржан Светқали. — Алматы: «Асыл сөз» баспасы ЖШС, 2022. — 760 бет.

ISBN 978-601-80713-7-9

Кітаптың аты айтып тұрғандай, Светқали Нұржанның бұл жинағы белгілі шайырдың сонау бөзжейде бозбала шағы мен ақжелең жігітгік дәуренінде жазылған жырларды қамтиды. Мұндағы туындылардың тілі шұрайлы, образдар әлемі шырайлы, ойлары өткір. Оқырманды өлеңнен өлеңге жетектеп отырады


Қамшыгер, С.

Биші қайыңдар: Жыр жинағы./ Саят Қамшыгер.-Алматы: «Дәуір» баспасы, 2022. — 224 бет.

ISBN 978-601-217-787-9

Саят Қамшыгердің бұл жыр жинағына әр жылдарда жазылған өлеңдері топтастырылған. Сыршыл ақынның табиғат, туған жер, Отан, отбасылық құндылықтар, махаббат, достық тақырыбындағы жырлары оқырманды бірден баурап алары анық.

Қоғамдағы оқиғалар мен заман ағысында болып жатқан жайттарға отансүйгіштік, ұлтжандылық, азаматтық көзқараспен жазылған өлеңдері ақынның ішкі жан толғанысын аңғартады.

Қазіргі қазақ поэзиясының өкілі ретінде ақынның айтар ойы анық, өлеңдері оқуға жеңіл, көркем. Кітап көпшілік оқырманға, поэзия сүйер оқырманға арналған.


Әлімақын, Д.

Табалдырық: Мақалалар мен сұхбаттар / Дүйсенәлі Әлімақын. — Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022. — 256 б.

ISBN 978-601-217-790-9

Бұл кітапқа ақын, журналист Дүйсенәлі Әлімақынның танымал қазақ қаламгерлері, мәдениет және өнер қайраткерлерімен және әлемге белгілі шетел ақын-жазушьшарымен, Нобель әдебиет сыйлығына үміткер ақындармен ағылшын тілінде жасаған сұхбаттары, олардың еңбектері туралы жазған танымдық мақалалары, Нобельдік дәрістер топтастырылған. Кітап — қазіргі қазақ әдебиеті мен жаһан әдебиетінің бүгінгі жай-күйі, тынысы, беталысы туралы сыр қозғайды.


Шамұратова Ж.

Айтылмаған сыр. /Жадыра Шамуратова. — Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022. — 344 бет.

ISBN 978-601-217-782-4

Бұл мерзімді басылым беттерінде жарияланған туындыларымен ерте танылған Жадыра Шамұратованың алғашкы прозалық туындысы.

Жинақта адамдар бойындағы парасаттылық пен адамгершілікке ұүдейтін шығармалардың оқиғалары көркем тілмен бейнеленіп, шиеленісті өрбіп отырады.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.


Бабашева (Бабаш) Б.

Айсезім: Өлеңдер / Бақытгүл Бабашева (Бабаш). -Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022. — 128 б.

ISBN 978 601-217-797-8

Өлеңдері «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясына еніп отырған ақынның бұл жинағы «Әлемде жоқ ақ сезіммен сағынып» және «Біз, шерлілер қайтер ек, өмірде өлең болмаса?» деген екі бөлімнен гұрады. Автор іңкәр сезімді, көңіл күйін, махаббат пен мұңды кестелі сөзбен өрнектейді.

Көпшілік қауымға арналған.

 


Байдәулет, Қ.

Танымал әннің тарихы / Қаншайым Байдәулет. — «Алматы-Болашақ» АҚ, 2022 — 352 бет.

ISBN 978-601-7646-23-3

Кітапта «Айқын» газетінің бетінде 2007-2009 жылдары жарияланған 100 танымал әннің тарихы баяндалады.

Әр әннің өз тарихы бар. Кітап танымал туындылар тарихын зерттеп, зерделеуімен кұнды. Журналист өз еңбегінде ән қай жылы жарыққа шығып, көпшілікке қалай таралғанын әңгімелейді. Автор мен орындаушының ой-естелігімен, қызықты тағдырымен бөліседі.

Кітап барша қалың оқырманға арналады.


Жанапиянова Ж. К.

Ана. Әңгімелер жинағы / Жанар Жанапиянова. — Алматы: «Дәуір» баспасы, 2022. — 240 б.

ISBN 978-601-217-804-3

Кітаптың Ана деп аталуының себебі барлық тіршілік көзі анадан тарайды. Үш қана әріптен тұратын сөздің мағынасы әр адамға қастерлі. Кітапта қарапайым қазақ аналарының өмірі бейнеленген. Әңгімелер жинағы өмірдегі отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын тілейтін Аналар туралы.

 


Кеңесбекұлы Е.

Сағыныш басқан: Өлеңдер, / Ерқанат Кеңесбекүлы. — Алматы: «Дәуір», 2022. — 96 б.

ISBN 978-601-217-807-4

Ерқанат Кеңесбекұлының «Сағыныш басқан» атты кітабына өзекжарды өлеңдері енгізіліп отыр.

Ақын шығармаларында адам — қоғам — заман үштігінің қыры мен сыры сипатталып, оқырманның тосын шешім жасауына, өзінше түйін тұжыруына мүмкіндік береді


Чилдибаев Д., Аманбаева М.Б.

БИОЛОГИЯ. Балаларға арналған энциклопедиялъқ аньқтамалық. / Джумадил Чилдибаев, Махаббат Батырғалиқызы Аманбаева. — Алматы: «Керемет медиа», 2022. — 616 бет.

ISBN 978-601-80884-1-4

«Биология. Балаларға арналған энциклопедиялық анықтамалық» — биологиялық терминдердің кең қолданысқа түскен 5000-нан астам сөзді қамтиды. Алғашқы биоло-гиялық әліппеден бастап биология ғылымының барлық салаларьн қамтуға тырысқан. Энциклопедия — биология пәндерінің 6-11 сыныптарға арналған тараулардың тақырыптарының мазмұны бойынша кездесетін биолоіиялық терминдерді қамтиды.

Энциклопедиялық анықтамалық оқу құралы ЖОО студенттері, жаратылыстану пәндерінің оқытушылары, мектен-гимназия, колледждердің білім алушыларына жәнс барша оқырман қауымға арналған.


Әлімжан Е. А.

Алтын жүлге жыры: Роман / Елен Әлімжан — Алматы: «Дәуір», 2022. — 288 б.

ISBN 978-601-217-802-9

Белгілі жазушы Елен Әлімжанньң «Алтын жүлге жыры» атты жаңа романы қазақ әдебиетінде көп көрініс бермеген гуманитарлық сала ғалымдарының социалистік шеңбердегі өмірі мен отарлық идеология найзасының ұшында жүріп жазған еңбектерінің талан-тағдырын арқау еткен интеллектуалды туынды. Бас кейіпкері ғалым Мекемтас Мырзахметұлының Абай мұрасын тұрпайы-социологиялық тұрғыда бағалаушылармен күресе жүріп, ұлы ақынның толық адам ілімін ашуы, қазақтың қалай орыстандырылғаны туралы өз еңбегін жарыққа шығара алмауы, 1986 жылғы желтоқсаншыларды ақтау әрекеттері көркем тілмен қызғылықты бейнеленеді. «Алтын жүлге жыры» — қалам иелерінің әділетті қоғам ұшін күрес жыры.

Кітап барша оқырман қауымға арналған.


Оспан Ж.

Бұлақ басынан тұнады: Эссе, портрет, мақалалар / Жомарт Оспан. — Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022. — 272 б.

ISBN 978-601-217-786-2

Кітапқа қаламгердің соңғы жылдары мерзімдік басылымдарда жарық көрген танымдық материалдары, жеке адамдар туралы мақалалары, әр кезеңдегі елеулі тұлғалар туралы толғаныстары топтастырылған. Кезінде оқырман жұртшылықтың ықыласына бөленген туындылар жеңіл оқылады, жүрекке жылы әсер қалдырады.

Жинақ көпшілік кауымға арналған.

 


Мырзабеков, К.

Сәруар / К. Мырзабеков. — «Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2022. — 480 бет.

ISBN 978-601-7646-32-5

Кеңшілік Мырзабековтың «Сәруар» жинағына ақынның көзі тірі кезінде әр жылдары жарыққа шыққан оннан астам кітаптарынан сырлы сезімге толы өлеңдері топтастырылды. Ақынның өлеңдері оқушыларын адамгаршілікке, ізгілікке, мөлдіреген тазалыққа тәрбиелейді.

 

 


Байтан А., Хумарзах А.

Баян-Өлкедегі күйшілік мектеп. («Қырық қалақша ауылы» дәстүрі негізінде). Танымдық-тарихи зерттеулер. — Алматы, — “Алматы-Болашақ” АҚ, 2022. — 96 б.

ISBN 978-601-7646-38-7

Аталған кітапта Баян-Өлкедегі күйшілік мектеп туралы қарастырылады. Соның ішінде «Қырық қалақшаның ауылы» атанған, Қызылқайың өлкесіндегі төлек күйшілерінің өмірі мен шығармашылғы туралы кеңінен баяндалады. Сонымен қатар Баян-Өлкедегі күй, музыка өнеріне қатысты материалдар топтастырылған. Кітап қалың көпшілікке, музыка тарихын зерттеушілерге арналған.

 


Қият, А.

Ұлы Дала билеушілері: қазақ сұлтандарының тарихы мен тағдыры / Арман Қият — Алматы: «Дәуір», 2022 — 336 б.

ISBN 978-601-217-811-1

Ұсынылған монография — Қазақ хандығының билеуші әулеті Шыңғыс ұрпақтарының қоғамдык-саяси қызметтерін, орнын, рөлін және олардың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалдарын анықтауға жасалған кешенді зерттеу. Кеңестік дәуірде объективті зерттеуге тыйым салынған тақырыпты қайта саралап, зерделеп зертгеудің нәтижесінде төре тұкымдарының қазақ қоғамындағы шынайы орнын анықтауға, оларға жаңа көзқараспен қарауға мұмкіндік туып отыр.

Еңбек зерттеушілерге, мұғалімдерге, студенттерге және тарихқа қызығушы барша оқырмандарға арналған.


Құнапияқызы, М.

Көңіл құсы: Өлеңдер, поэмалар, баллада / Мағиза Құнапияқызы. — Алматы: «Дәуір», 2022. — 224 б.

ISBN 978-601-217-805-0

Жыр жинағы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге топтастырылған лирикалық өлеңдерінде ақын атамекен, туған елғе деген перзенттік махаббатын терең тебіреніспен жыр кестесіне түсіреді. Екінші бөлімде «Қыл кепеш», «Толғатқан құм», «Арман сыры», «Жүрек тас» атты поэмалары мен ортақ желіге құрылған балладалары берілген.

Жинақ көпшілік қауымға арналған.


Тойбек, Ж.

РУХАНИЯТ / Ж. Тойбек.-«Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2022. — 432 бет.

ISBN 978-601-7646-33-2

Белгілі қаламгер-ақын Жұлдыз Тойбектің бұл кітабына елдің рухани дамуы мен кемелденуіне мәдениет, өнер, ғылым, білім саласында шығармашылық тұрғыдан ерекше үлес қосқан қайраткерлердің ұшантеңіз еңбегі арқау болады. Ұлттық дәстүрді дәріптеу, тіл, дін жайында жазылған дүниелер оқырманын қызықтырады.

Кітаптың тілі көркем, шүрайлы.

 


Картаева, Т.

СЫР-АРАЛ ЭТНОГРАФИЯСЫ / Тәттігүл Картаева. — Алматы: «Қазақ кітабы» баспасы, 2022. — 512 б.

ISBN 978-601-7608-59-0

Зерттеуде ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы Сырдария өзенінің төменгі ағысы бойы, Арал теңізінің шығыс, солтүстік-шығыс жағалауы қазақтарының дәстүрлі этнографиясы, өңірдегі қазақ ауылдарының дәстүрлі келбеті сипатталған. Сыр-Арал өңірі қазақтарының ру-тайпалық құрамы, тарихи дәуірлерде орын алған миграциялық ағымдар, өңірге тән дәстүрлі шаруашылық, қосалқы шаруашылық, мерзімдік қонысқа көшіп-қонуы, тарихи демографиясы, дәстүрлі мәдениеті, аймақтық ерекшелікгері кешенді түрде қарастырылған. Сонымен қатар Сыр-Арал қазақтары этнографиясының аймақтық ерекшелігіне басқа өңір қазақтрының этнографиясымен салыстырмалы сараптау берілген. Аймақтық ерекшелігін айқындайтын этнографиялық ескерткіштер далалық зерттеулер материалдары негізінде айғақталды.

Зерттеу осы мәселегес қызығушылық танытатын ғылыми қауымға және көпнпілік оқырмпнға арналған.


Қойшыбаев, Б.

Тәуелсіздік тамырлары: Зерттеулер, мақалалар, сұхбаттар / Бейбіт Қойшыбаев. —

Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022. — 612 6.

ISBN  978-601-217-809-8

Жазушы, публицист, тарихшы-ғалым Бейбіт Қойшыбаевтың «Тәуелсіздік тамырлары» атты тарихи танымдық әңгімелерден тұратын жинағына кірген зерттеу, мақала, сұхбаттар шартты түрде бес бөлімге жікгелген. Алғашқы бөлім тәуелсіз кезеңдегі Қазақ Ордасы дәуірінен бастап, отар замандағы күрестерден, монархия іргесін шайқалтуға өзіндік үлес қоскан Он алтыншы жыл оқиғасынан, азаттық қозғалысының шарықтау шегі — Алаш Ордасы құрылғанға дейінгі кезеңдерден ақпарат береді. Екінші бөлімде кеңес заманындағы еліміздің тағдырында шешуші рөл атқарған билеуші партияның құрылымы түсіндіріліп, сол партияның бастауымен орын алған қасіретгі оқиғалар, тоталитарлық жүйенің көбесін сөгуге із салған Сексен алтыншы жылғы жастардың саяси көтерілісі жайында түсіндіріледі. Жинақтын өзегі тәрізденіп ызылған тәуелсіздік дәуірінің кей сәттері жайында үшінші бөлімде айтылады. Төртінші бөлімде өз халқына қарсы бағытталған кеңестік террордың жүз шақты құрбаны таныстырылады. Кітаптың қорытындылаушы бөлігі сынды «Тағзым» атты бесінші бөлімде ел тарихындағы маңызды оқиғалар мен кейбір ірі тұлғалардын қызметтері дөңгелек даталарына орай оқырман назарына ұсынылған.

Кітап Отан тарихын сүйетін қалың жұртшылықка, жастарға, студентгер мен оқушыларға арналған.


Ыбырайым,  Б.

ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясы / Бекен Ыбырайым. — Алматы: «Дәуір», 2022 — 384 б.

ISBN 978-601-217-813-5

Белгілі сыншы-ғалым, жазушы Бекен Ыбырайымның зерттеу еңбегі қазақ өлеңінің көркемдік әлемін, белгілі ақындардың шығармашылығын сараптауға арналған. Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ поэзиясына зор ықпал еткен саяси-әлеуметтік, тарихи-мәдени кұбылыстар саналуан. Соған сәйкес аталған кезеңдегі әдеби процесте күрделі де қайшылықты көркемдік ізденістер мол. Зерттеуде қазақ поэзиясының жиырмасыншы жылдардан бастап, алпысыншы жылдарға дейінгі аралықтағы өзіндік сипаттары байыпталады.


Теменов, Т.

Беймәлім таныс бейнелер / Т. Теменов. — Астана : Фолиант, 2022. — 304 б.

ISBN 978-601-271-546-0

Бұл кітапқа Қазақстанның халық артисі, көрнекті кино және театр режиссері, профессор, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Талғат Досымғалиұлы Теменовтің өнер мен мөдениет, әдебиет саласының тұлғалары және қоғам қайраткерлері туралы әр жылдары жазылған жүрекжарды портреттік мақалалары, шығармашылық кескіндемелері, сұхбаттар, тағы да басқа толғамдары еніп отыр. Топтастырылған мағынасына қарай кітап екі бөлімге бөлінген.

Жинақ өнерсүйер көпшілікке, жалпы оқырманға арналады.


Әлпейісова К. А.

Қайтсек ұрпақ өседі өрелі боп… (Ешқашан ескірмейтін мәселелер туралы ой-толғамдар). / Камал Әлпейісова — Алматы: «Дәуір», 2022. — 240 б.

ISBN 978-601-217-814-2

Кітапта филология ғылымдарының кандидаты, жазушы, аудармашы Камал Әлпейісованың ешқашан кұны жоғалмайтын өзекті мәселелер: отбасылық құндылықтар, ұрпақ тәрбиесі, ана тілдің мерейі, ауызбіршілікте өмір сүру туралы ой-толғамдары жинақталған.

Жинақ ата-аналарға, ұстаздарға, және жалпы оқырмандар қауымына арналған.

 


Домбай, Н.

ЕРЛІК — ЕЛГЕ МҰРА — Алматы, — “Алматы-Болашақ” АҚ, 2022. — 192 б.

ISBN 978-601-7646-39-4

Білгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұрперзент Домбайдың бұл кітабында екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңес әскерлерлерімен бірге басқыншы жауға қарсы аянбай күрескен қазақ жауынгерлерінің ерен ерліктері сөз болады.

Оқырман қауым Кеңес Одағының Батыры Үрмәш Түктібаев, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова, ержүрек жауынгерлер Мұханғали Тұрмағамбетов,Әбсамат Тәжбенов, Бектай Әбсаттаров, Қозғанбай Әбиев және басқапардың өмір жолдарына қанығу арқылы отансүйгіштік, патриоттық қасиеттердің құндылығын сезінері анық.

Араға жылдар салып, сол қанды қырғын дүмпуі қанша алыстағанымен оның зардабы санадан еш өшпек емес. Әсіресе Отан үшін от кешкен ерлердің есімдері — мәңгілік ел жадында.


Ахметжанқызы Л. Ә.

Дәстүр даналығы: ғылыми-танымдық әдебиет / Ләйлім Ахметжанқызы. — Алматы: «Дәуір», 2022. — 240 б.

ISBN 978-601-217-792-3

Кітапта негізінен, қазақ халқы үшін рухани құндылықтың бастауы болған салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың бүгінгі қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы туралы айтылды. Шығармада бала тәрбиесінен бастап отбасылык, достық, ағайындық қарым-қатынастың дұрыс қалыптасуына арқау болған қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрініс тапты. Айтулы этнографтардың жинақтары мен кітаптарын негізге апып, зерттеушілердің пікіріне сүйене отырып салт-дәстүрдің озық түрлерінің қазіргі заманда ұрпақ тәрбиесіне әсері, сондай-ақ қоғамда туындаған мәселелер мен оны шешу жолдары талданды. Жалпы қазақ дәстүрінен халықтың мінез-құлқын, болмысы мен дүниетанымын, мәдениеті, тілі мен дінін, өмір сүру жолын байқауға болады. Сондықтан жалпы қауымға ұлтгың алтын діңгегі — салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптың құндылығың, тәрбиелік түп-тамырын, мәнін түсіндіру, дәріптеу мақсатында ұсынылған кітап.


Ахметжанқызы Л. Ә.

Дәстүр даналығы: ғылыми-танымдық әдебиет / Ләйлім Ахметжанқызы. — Алматы: «Дәуір», 2022. — 240 б.

ISBN 978-601-217-792-3

Кітапта негізінен, қазақ халқы үшін рухани құндылықтың бастауы болған салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың бүгінгі қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы туралы айтылды. Шығармада бала тәрбиесінен бастап отбасылык, достық, ағайындық қарым-қатынастың дұрыс қалыптасуына арқау болған қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрініс тапты. Айтулы этнографтардың жинақтары мен кітаптарын негізге апып, зерттеушілердің пікіріне сүйене отырып салт-дәстүрдің озық түрлерінің қазіргі заманда ұрпақ тәрбиесіне әсері, сондай-ақ қоғамда туындаған мәселелер мен оны шешу жолдары талданды. Жалпы қазақ дәстүрінен халықтың мінез-құлқын, болмысы мен дүниетанымын, мәдениеті, тілі мен дінін, өмір сүру жолын байқауға болады. Сондықтан жалпы қауымға ұлтгың алтын діңгегі — салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптың құндылығың, тәрбиелік түп-тамырын, мәнін түсіндіру, дәріптеу мақсатында ұсынылған кітап.


Шашкова Л.

На восход света: Стихи, поэмы / Любовь Шашкова. — Алматы: ТОО РПИК «Дәуір», 2022. — 196 стр.

ISBN 978-601-217-808″1

Книга стихов и поэм «НА ВОСХОД СВЕТА» отражает полувековой творческий путь известного казахстанского поэта и переводчика Любови Шашковой. В новую книгу Избранного вошли произведения, публиковавшиеся начиная с 1972 года прошлого века и написанные в новом столетии, и не выходившие в книгах.

На восход света стремится душа поэта над страстями и бурями бес-покойного века, утверждая в стихах и жизни — веру, надежду, любовь. Во-едино слились в ее творчестве две родины — Казахстан и Беларусь, наполняя созидающим светом страницы этой книги. Любовь Шашкова — член Союза писателей СССР и Казахстана, автор более десяти книг поэзии, документальной прозы и публицистики, заслуженный деятель Казахстана, лауреат международной литературной премии «Алаш».


Кулбаев А.

Мүшел жас / Сборник кинопьес. Абай Кулбаев. — Алматы: «Дәуір», 2022. — 160 с.

ISBN 978-601-217-803-6

Данная книга казахстанского киносценариста Абая Кулбаева, в которую вошли три киносценарии автора, повествует о таких жизненно важных ценностях, как любовь, дружба, преданность и счастье, в противовес которым находятся следующие негативные проявления жизни, как ненависть, враждебность, предательство и горечь бытия. Все три сценария, вошедшие в это издание, — «Мүшел жас», «Воровка» и «Холодный жар» — современны и рассказывают о ситуациях, происходящих в привычное и хорошо знакомое для нынешнего читателя время.

Книга предназначена для широкого круга читателей, интересующихся современными сценарными произведениями и киноискусством.


Қалиев С. А.

Арман қанатындағы жазулар: Әдеби мақалар, сұхбаттар, естеліктер./ Серік Қалиев. — Алматы: «Дәуір» баспасы, 2022. — 224 бет.

ISBN 978-601-217-795-4

Оқырман қауымға ақын ретінде танылған Серік Қалиевтің бұл кітабында әр жылдары жазылған әдеби талдау мақалалары және өнер мен әдебиет жөніндегі сыр-сұхбаттары, балалық шақтағы әсерлі естеліктері, баспасөз бетінде «Деген екен» айдарымен жарияланған жазбалары топтастырылған.

Автор қазіргі әдеби үдеріс пен мәдениет, айтыс өнері туралы ой бөліседі. Естеліктердің тілі көркем әрі танымдық дүниеге толы. Кітап барша оқырман қауымға арналған.


Асан А.

Айша бибі: Өлеңдер, балладалар / Ақерке Асан. — Ал-маты: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022. — 160 б.

ISBN 978-601-217-791-6

Жас ақын Ақерке Асанның «Айша бибі» жыр жинағына бұрын жарияланбаған жаңа өлеңдері топтастырылған. Өлеңдерінің дені жастық, махаббат тақырыптарына кұрылғанымен, туған жер, өскен орта алдындағы перезенттік парызын жырларына өрнектей білген автордың бұл жинағы көпшілік оқырманның көңілінен шығады деген ойдамыз.


Ахметбекұлы, А.

Жұмекеннен 100 өлең. Әдеби сын. / Алмас Ахметбекұлы. — Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2022. — 320 бет.

ISBN 978-601-7624-22-4

Кітапқа автордың Жұмекен поэзиясына талдау жасаған ауқымды еңбегі арқау болды. Жұмекен ақынның көркем өлеңдерін біліп оқу, сезіп, түсініп, түйсініп оқу ол -көркем ойлауға жетелейді.

Автор ауқымды әрі көркем ұлттық өлеңдерді талдай отырып, тіліміздің соншама бай құбьшыс пен терең түйсіктерге дейін бейнелей алатын сұлу қасиетін сөз етеді, сонымен бірге Жұмекеннің орасан қуатты шабытын, өлең сөз қисынындағы қайталанбас тәсілдерін тарқатады. Оның әр алуан тақырыптар тұсындағы шексіз шеберлігінің шиелерін шешеді. Кітапқа автордың «Ваіraq.kz» порталында жарияланған Жұмекен туралы 30 мақаласы негіз болды. Оған қоса әдеби сын жанрындағы өзге де мақалалары «Сөзтану» және «Шәуешек феномені» деген атпен топтастырылған.

Кітап өлең сүйер қауымға және оқу орындарының шәкірттеріне арналған.


Қалибекұлы,Ғ.

Шеген. Өлеңдер, поэмалар, толғаулар, әзіл-оспақтар / Ғалым Қалибекұлы. — Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022. — 304 б.

ISBN 978-601-217-785-5

Жаттанды дидактика мен жасандылықтан ада, ішкі сезімді ірікпей бере білетін талантты ақынның бұл жинағына өлең-жырлары мен толғау, дастандары еніп отыр.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

 


Қалижанов, У.

Жамбыл. Роман-этюд. / Уәлихан Қалижанов. — Алматы: «SUNSHINE plus», 2022. — 240 б.

ISBN 978-601-06-8954-1

Филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Уәлихан Қалижановтың «Жамбыл» атты роман-этюді жыраулық, айтыс өнерінің көрнекті екілі, ғасыр Гомері атанған, екі заманның куәсі Жамбыл Жабаевтың өміріне арналған.

Роман-этюд Жамбылдың ақындық, айтыскерлік, азаматтық болмысын ашады. Кезінде қазақтың ұлы классик жазушысы Мұхтар Әуезов оны «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деген еді. Роман-этюдте Жамбылдың 1917 жылғы Қазан төңкерісінен бұрынғы және кеңестік дәуірдегі өмірі көркем әдістермен сипатталады.

Оқиғалардың барлығы Жамбыл туралы естелік қалдырған қайраткерлердің жазбаларыньң негізінде жазылған. Өмір шындығы, заман келбеті нақты көрсетілген.

Роман-этюд тосын деректерімен оқырманды баурап алады.


Қабидолдин Р.

Күркіреме — “Алматы-Болашақ” АҚ, 2022. — 192 б.

ISBN 978-601-7646-38-7

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, Республикалық М. Мақатаев мүшайрасының жүлдегері, дарыңды ақын Рауан Қабидолдинді жыр сүйер қауым өте жақсы біледі: «Поэзия деген ол — мөлт еткен сәт қана. Адамның кішкене ғана сәтінен ұлы дүниелерді алып шығуға болады»,- дейді жас ақын. Оның кезекті жыр жинағының аты — «Күркіреме» деп аталады. Көпшілік шыншыл да сыршыл ақынның жаңа өлең-жырларынан рухани күш алары даусыз.


Фазылжанова Анар Мұратқызы.

Сөз сазы және интонация (эксперименттік-фонетикалық зерттеу). «Алматы- Болашақ» АҚ баспасы, 2022.-208 б.

ISBN 478-601-7646-42-2

Еңбекте қазақ сөз сазы (просодикасы) мен интопациясыньң, тіл жүйесіпдегі орнын, кұрылысьн, бірлікгерін, осы бірлікгердің өзішіндегі  және өзара байланысьн ашьп көрсететін суперсегментті фонетикаға қатысты құрылымдық бағытгағы ізденіс нәтижелері берілді. Қосқұрамды кұрмалас сөйлемдерге жұргізілген экспериментгік-фонетикалық зерттеу нәтижесінде қазақ интонациясы және синтаксисі мен тыныс белгілерінің арақатьнасы анықталды.

Монография тілтанушыларға, магистранттар мен докторант- тарға, жоғары мектеп оқушыларына, сонымен бірге қазақ тіліне қызығушыларға арналады.


Букеевская Орда / Сост.: М.Кулькенов.-Алматы: ТОО «Мерекенің баспалар үйі» Mereke baspasy, 2022.

Т.І: — 2022.-624с.

ISBN 978-601-7845-91-9

В данный том вошли работы В.В.Вельяминова-Зернова: «Исторические известия о Киргиз-Кайсаках и сношениях России со Средней Азией со времен кончины Абул-Хаир хана (1748— 1765г.г.)»; И.Казанцева: «Описание Киргиз- Кайсаков»; И.С.Иванова: «Джангер, хан Внутренней Киргизской Орда», выпущенная в типографии Н.Л.Рослякова в г.Астрахани в 1985 году; «Внутренняя Киргизская Орда»; М.Я.Киттары «Ставка хана Внутренней Киргизской Орды; Э. Островского «Поездка во внутреннюю Киргиз-Кайсацкую Орду, с ветеринар- ной целью»; Э.Островского «Поездка во Внутреннюю Киргиз-Кайсацкую Орду, с ветеринарной целью»; Н. Троицкого: «Взгляд на Внутреннюю Киргизскую Орду».

Книга переиздана без изменения и редактирования, и рассчитана для широкого круга читателей.


Сахариев,Е.

Сағындырған ауылым / Хикаяттар. «Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2022.-144б.

ISBN 978-601-7646-43-1

Ермек Сахариевтің бұл кітабына автордың әр жылдары жазылған повесі мен әңгімелері енді. Шығармалаларда туған жер, ауыл өмірі, онда тұратын адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен әрқилы тағдыры және адамгершілік қасиеттері сөз болады.

 

 


Қуантаев Н.

Мың сәуле: Әдеби зерттеулер, мақалалар, аудармалар, әңгіме, сұхбаттар / Нұржан Қуантаев. – Алматы: «Дәуір», 2022. – 384 б.

ISBN 978-601-217-815-9

Әдеби үрдіске сыни көзқараспен қарап, «Әдебиет – ардың ісі» деген ұғымның таразысын тең ұстайтын талғампаз, толыққанды әдебиет зерттеушісі, әдебиеттанушы Нұржан Қуантаевтың бұл жинағына күрделі, көлемді зерттеу, сараптама макалаларымен бірге әдеби-көркем талдау еңбектері топтастырылған. Олардың қай-қайсысы да шебер қолдан шыққан, сауатты пікірге, көшелі ой-толғамға толы. Әдебиет төңірегіндегі мәселелерді жүлге-жүлгесімен талдап, ұсынады. Автордын көп жылдар бойы ерiнбей, жалыкпай жасаған осы зерттеу жинағы әдебиеттану мамандарына ғана емес, қалың оқырман қауымға да арналады.

Кітаптың соңына қарай автордың шетел жазушыларының әңгімелерінен жасаған аудармалары мен өзінің әңгiмелерi, сұхбаттары берілген.


БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ

Шығармалары Сочинения. Он екі том. Қырық мысал. Қазақ және орыс тілдерінде /Ахмет Байтұрсынұлы. – Астана: «Алашорда» ҚҚ, 2022.

ISBN 978-601-337-716-2

Т. І: −384 б.

Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық шығармалар жинағының бірінші кітабына «Қырық мысал» жинағының әр жылдардағы басылымының алғашқы 1909 жылғы нұсқасының мәтіні бүгінгі жазуға қаз-қалпында қопарылып берілді. 1913, 1922 жылғы нұсқаларының мәтіні 1989 жылдан кейін жиі жарияланғандықтан, салыстыру мақсатында мұқабалары мен мазмұны ғана енгізілді.

Жинақтың екінші бөліміне ағартушының 1895–1912 жылдардағы қазақ, орыс тілінде жарық көрген мақалалары топтастырылып, факсимилелерінің бірінші беттері берілді.

Жинақ ЖОО студенттері мен оқытушыларына, магистранттар мен докторанттарға, ғалым-зерттеушілерге, сонымен бірге мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне, жалпы әдебиетті сүйетін оқырман қауымға арналға


БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ

Шығармалары — Сочинения. Он екі том. Маса. Қазақ және орыс тілдерінде /Ахмет Байтұрсынұлы. – Астана: «Алашорда» ҚҚ, 2022.

ISBN 978-601-337-715-5

  1. T. II: -384 б.

Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық шығармалар жинағының екінші кітабына «Маса» жинағының 1922 жылғы нұсқаның мәтіні бүгінгі жазуға сол қалпында қопарылып берілді. 1911, 1914 жылғы нұсқалары табылмады.

Жинақтың екінші бөліміне ағартушының орыс, қазақ тілінде жарық көрген мақалалары хронологиялық тәртіппен топтастырылды. 1912—1913 жылдар аралығындағы мақалаларының кейбірінің факсимилелері берілді.

Жинақ ЖОО студенттері мен оқытушыларына, магистранттар мен докторанттарға, ғалым-зерттеушілерге, сонымен бірге мектеп окушылары мен мұғалімдеріне, жалпы әдебиетті сүйетін оқырман қауымға арналған.


БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ Шығармалары Сочинения. Он екі том. Оқу құралы: Қазақша алифба; Әліб-бій: Жаңа құрал. Қазақ және орыс тілдерінде /Ахмет Байтұрсынұлы. — Астана: «Алашорда» ҚҚ, 2022.

ISBN 978-601-337-717-9

  1. T. III: -396 б.

Ахмет Байтұрсынұлы — қазақ балаларының ана тілінде сауат алуына арналған алғашқы әліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақ баспасөзінің негізін қалаушы. Жинақтың 3-томына Оқу құралы: қазақша әліппесі (1912), Әліп-би (1926) атты оқулықтары және осы оқулықтардың кейінгі басылымдарының факсимилесі берілді. Жинак ЖОО студенттері мен оқытушыларына, магистранттар мен докторанттарға, ғалым-зерттеушілерге, сонымен бірге мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне, жалпы әдебиетті сүйетін оқырман қауымға арналған.


БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ  Шығармалары Сочинения. Он екі том. Тіл-құрал. Қазақ және орыс тілдерінде /Ахмет Байтұрсынұлы. – Астана: «Алашорда» ҚҚ, 2022.

ISBN 978-601-337-718-6

  1. T. IV: –384 6.

Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық шығармалар жинағының төртінші томына «Тіл-құрал» жинағының бірінші, екінші, үшінші жылдық кітаптары топтастырылып, факсимилелері берілді.

Жинақтың екінші бөліміне ағартушының орыс, қазақ тілінде жарық көрген мақалалары хронологиялық тәртіппен топтастырылды. 1913—1914 жылдар аралығындағы мақалаларының кейбірінің телнұсқалары берілді.

Жинақ  ЖОО студенттері мен оқытушыларына, магистранттар мен докторанттарға, ғалым-зерттеушілерге, сонымен бірге мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне, жалпы әдебиетті сүйетін оқырман қауымға арналған.


БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ  Шығармалары Сочинения. Он екі том. Байаншы; Сауат ашқыш. Қазақ және орыс тілдерінде /Ахмет Байтұрсынұлы. — Астана: «Алашорда» ҚҚ, 2022. ISBN 978-601-337-719-3

  1. T. V: -384 б.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауат алуына арналған алғашқы әліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақ баспасөзінің негізін қалаушы. Жинақтың 5-томына «Оқу құралы: қазақша алфбаға байаншы» (1921), «Сауат ашқыш» (1926) және осы оқулықтардың кейінгі басылымдарының факсимилесі қосымшада берілді. «Шура» журналы, «Қазақ» газетінің 1914–1915 жылдарғы оқу-ағарту мәселелері көтерген түрлі тақырыптағы мақалалары топтастырылды.

Жинақ ЖОО студенттері мен оқытушыларына, магистранттар мен докторанттарға, ғалым-зерттеушілерге, сонымен бірге мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне, жалпы әдебиетті сүйетін оқырман қауымға арналған.


БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ  Шығармалары Сочинения. Он екі том. Шаруалық өзгеріс. Қазақ және орыс тілдерінде /Ахмет Байтұрсынұлы. — Астана: «Алашорда» ҚҚ, 2022.

ISBN 978-601-337-720-9

  1. T. VI: –384 6.

Ағартушы һәм әмбебап қайраткер А.Байтұрсынұлының екі томдык шығармалар жинағының 6-кітабына «Шаруалық өзгеріс» қолжазбасы, «МОПР һәм Күншығыс елдерінің еңбекшілері», «Соғыс қаупі және мен жұмыскер табының міндеті» атты аудармалары алғашқы рет ұсынылып отыр. Және 1916 жылдары түрлі тақырыпты қамтыған мақалалары енді.

Жинақ ЖОО студенттері мен оқытушыларына, магистранттар мен докторанттарга, ғалым-зерттеушілерге, сонымен бірге мектеп окушылары мен мұғалімдеріне, жалпы әдебиетті сүйетін оқырман қауымға арналған.


 

БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ

Шығармалары Сочинения. Он екі том. Ер Сайын. Қазақ және орыс тілдерінде /Ахмет Байтұрсынұлы. – Астана: «Алашорда» ҚҚ, 2022.

ISBN 978-601-337-721-6

  1. T. VII: -384 б.

Ауыз әдебиетін жинақтаушы, әмбебап тұлға Ахмет Байтұрсынұлының он екі томдық шығармалар жинағының 7-кітабына қазақтың «Ер Сайын» атты еңбегінің 1923 жылғы нұсқасының мәтіні бүгінгі жазуға қаз-қалпында қопарылып, факсимилесі оң қапталына берілді. Сонымен бірге, 1924 жылғы «Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі» және алуан тақырыпты көтерген мақалалары топтастырылды.

Жина ЖОО студенттері мен оқытушыларына, магистранттар мен докторанттарға, ғалым-зерттеушілерге, сонымен бірге мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне, жалпы әдебиетті сүйетін оқырман қауымға арналған.


БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ

Шығармалары Сочинения. Он екі том. 23 жоқтау: Қазақ және орыс Ахмет Байтұрсынұлы. -Астана: «Тіл-құрал» ОӘҒЗО; тілдерінде / «Алашорда» ҚҚ, – 2022.

ISBN 978-601-337-722-3

  1. VIII: -384 б.

Ауыз әдебиетін жинақтаушы, әмбебап тұлға Ахмет Байтұрсынұлының он екі томдық шығармалар жинағының 8-кітабына қазақтың 400 жылдық тарихы қамтылған «23 жоқтау» атты еңбегінің 1926 жылғы нұсқасының мәтіні бүгінгі жазуға қаз-қалпында қопарылып, факсимилесі оң қапталына берілді. Және 1915–1918 жылдардағы алуан тақырыпты көтерген мақалалары топтастырылды.

Жинақ ЖОО студенттері мен оқытушыларына, магистранттар мен докторанттарға, ғалым-зерттеушілерге, сонымен бірге мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне, жалпы әдебиетті сүйетін оқырман қауымға арналған.


БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ  Шығармалары Сочинения. Он екі том. Әдебиет танытқыш. Қазақ тілінде /Ахмет Байтұрсынұлы. — Астана: «Алашорда» ҚҚ, – 2022.

ISBN 978-601-337-723-0

  1. IX: -592 б.

Ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының он екі томдық шығармалар жинағының тоғызыншы кітабына ұлттық әдебиеттанудың тұғыры, казак әдебиетінің алтын ғасыры болып табылатын «Әдебиет танытқыш» атты зерттеуінің 1926 жылғы нұсқасының мәтіні бүгінгі жазуға қаз-қалпында копарылып, факсимилесі он капталына берілді.

Жинақ ЖОО студенттері мен оқытушыларына, магистранттар мен докторанттарға, ғалым-зерттеушілерге, сонымен бірге мектеп окушылары мен мұғалімдеріне, жалпы әдебиетті сүйетін оқырман қауымға арналған.


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Шығармалары. Он екі том. Оқу құралы. Т. Шонанұлымен бірге. /Ахмет Байтұрсынұлы. — Астана: «Алашорда» ҚҚ, 2022.

ISBN 978-601-337-724-7

  1. T. X: -432 б.

Алаш ардагері, әдебиеттанушы ғалым, ағартушы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының он екі томдық шығармалар жинағының 10-томына үзеңгілес шәкірті Телжан Шонанұлымен бірге 1927 жылы жариялаған «Оқу құралы» атты кітабының мәтіні бүгінгі жазуға қаз-қалпында қопарылып, факсимилесі оң қапталына берілді. Хрестоматиялық еңбек бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тарихы, әдебиеті мен қазақ тілі, жағырапия, шаруа-кәсіп, жаратылыстану және т.б. ғылым салалары бойынша мағлұматтар береді.

Жинак ЖОО студенттері мен оқытушыларына, магистранттар мен докторанттарға, ғалым-зерттеушілерге, сонымен бірге мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне, жалпы әдебиетті сүйетін оқырман қауымға арналған.


БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ Б 20 Шығармалары. Он екі том. Оқу құралы. Т. Шонанұлымен бірге. /Ахмет Байтұрсынұлы. – Астана: «Алашорда» ҚҚ, 2022.

ISBN 978-601-337-726-1

  1. XI: –424 6.

Алаш ардагері, әдебиеттанушы ғалым, ағартушы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының он екі томдық шығармалар жинағының 11-томына шәкірті Т.Шонанұлымен бірге 1927 жылы жариялаған «Оқу құралы» атты кітабының екінші жартысының (Б. 203—404) мәтіні бүгінгі жазуға қаз-қалпында қопарылып, факсимилесі оң қапталына берілді. Кітапқа 119 тақырып (оның 14-і өлең) топтастырылды.

Жинақ ЖОО студенттері мен оқытушыларына, магистранттар мен докторанттарға, ғалым-зерттеушілерге, сонымен бірге мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне, жалпы әдебиетті сүйетін оқырман қауымға арналған.


БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ  Шығармалары Сочинения. Он екі том. Тіл-жұмсар. Қазақ және орыс тілдерінде /Ахмет Байтұрсынұлы. — Астана: «Алашорда» ҚҚ, 2022. — ISBN 978-601-337-725-4

  1. T. XII: -384 б. Ахмет Байтұрсынұлы он екі томдық шығармалар жинағының 12-кітбына тіл-жұмсар» атты әдістемелік құралының 1, 2-кітаптарының мәтіні бүгінгі жазуға қаз-қалпында қопарылып, факсимилесі оң қапталына берілді. Сонымен бірге, «Әліпбе айтысы» атты (1927) жинаққа енген «Араб әліп-биін жақтаған байандамасы» және 1923-1929 жылдардағы алуан тақырыпты көтерген қазақ, орыс тіліндегі мақалалары, мұрағаттық деректер топтастырылды.

Жинақ ЖОО студенттері мен оқытушыларына, магистранттар мен докторанттарға, ғалым-зерттеушілерге, сонымен бірге мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне, жалпы әдебиетті сүйетін оқырман қауымға арналған.


Әуезов М.О.

Таңдамалы шығармалары. Бес томдық. Т.І. «Абай жолы» роман-эпопеясы / Құрастырушылар: А.П.Құрманбаева, Ш.М.Әмірбаева. -Алматы: Вrand Вооk, 2022. — 968 б.

ISBN 978-601-06-7101-0

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің бес томдық таңдамалы шығармалары жинағының 1-томына «Абай жолы» роман-эпопеясының бірінші, екінші кітаптары енді.

Кітап жазушының 125 жылдық мерейтойына орайластырылып, оқырман қауымға ұсынылып отыр.


Әуезов М.О.

Таңдамалы шығармалары. Бес томдық. Т.2. «Абай жолы» роман-эпопеясы / Құрастырушылар: А.П.Құрманбаева, Ш.М.Әмірбаева. -Алматы: Вrand Вооk, 2022. — 984 б.

ISBN 978-601-06-7100-7

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің бес томдық таңдамалы шығармалары жинағының 2-томына «Абай жолы» роман-эпопеясының бірінші, екінші кітаптары енді.

Кітап жазушының 125 жылдық мерейтойына орайластырылып, оқырман қауымға ұсынылып отыр


Әуезов М.О.

Таңдамалы шығармалары. Бес томдық.Т.3. Әңгімелер, очерктер, күнделіктер мен жолжазбалар  / Құрастырушылар: Ханкей Е. -Алматы: Вrand Вооk, 2022. — 608 б.

ISBN 978-601-06-7103-4

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің бес томдық таңдамалы шығармалары жинағының 3-томына әңгімелер, очерктер, күнделіктер, жолжазбалар енді.

Кітап жазушының 125 жылдық мерейтойына орайластырылып, оқырман қауымға ұсынылып отыр.

 


Әуезов М.О.

Таңдамалы шығармалары. Бес томдық.Т.4. Әңгімелер, повесть, роман   / Құрастырушылар: Ахметов М.Қ. -Алматы: Вrand Вооk, 2022. — 616 б.

ISBN 978-601-06-7104-1

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің бес томдық таңдамалы шығармалары жинағының 4-томына әңгімелер, повесть және романы енді.

Кітап жазушының 125 жылдық мерейтойына орайластырылып, оқырман қауымға ұсынылып отыр.


Әуезов М.О.

Таңдамалы шығармалары. Бес томдық.Т.5. Пьесалар / Құрастырушылар: Қалиев А.Қ. -Алматы: Вrand Вооk, 2022. — 492 б.

ISBN 978-601-06-7105-8

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің бес томдық таңдамалы шығармалары жинағының 5-томына әр жылдары республикалық театрларда сахналанған және әлі де қрйылып жүрген классикалық көркем пьесалары кірді.

Кітап ғылыми жұртшылыққа және әдебиетсүйер оқырман қауымға ұсынылады.


Мәжитов, Б.

Ауылдың суреті: повесть, өлеңдер, жұмбақтар және т.б. Бағідат Мәжитов. Алматы: «Балалар әдебиеті», 2022.-136 б.

ISBN 978-601-252-163-4

Бұл жииаққа Бағдат Мәжитовтың «Ауылдың суреті» атты кітабында әңгімелер мен әлем халықтарының ертеглері, өлеңдер, жұмбақтар, метаграммалар кіріп отыр. Кітапта балалар және жасөспірімдердің өмірінен өткен сәттері, қиялдары мен армандары, қызықты ертеігілер, өздеріне тән болмыс-бітімдері суреттеледі.

 


Әлмаш, А.

Таныстар татулығы: роман-миниатюра, повестъ –ертегілері / Әлмаш Айсұлу. Алматы: «Балаларәдебиеті», 2022.-926 б.

ISBN 978-601-252-162-7

Балаларға арналған  « Таныстар татулығы»  роман-миниатюра, поевесть -ертегі және т.б. Баланы адамгершілікке, ұлтжандылыққа баульш, достықты берік сақтауға үндейді. Жазушыньң қиял-ғажайып ертегілері адамды елітіп әкетіп, тартымды әрі қызықты оқылуымен ерекшеленеді. Ертегілер мектеп дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына, жалпы оқушылар мен жасөспірімдерге арналған.

…Мінекей, біздің кішкентай ғана ауылда, мен туып-өскен елді мекенде осындай көпке елеусіз ғана оқиға болыпты деседі қариялар.Балпаң мен Тарпаң оқиғасы қиялымды бөліп, ойымды сан-саққа жүгірткені. Осылайша, бұл шағьн хикая да тәмам.Әрине, ойлана білгенге аяқтала қойған дәнеңе жоқ. Қайта бәрі де енді басталғандай. Бірақ, ол басқа бір әңгіменің арнасьша жол салмақшы. Әзірге айтпағымыз осы ғана!..


Мамырбаева Д.

Роботтар отбасы. Хикаяттар мен әңгімелер / Ділдэр Мамырбаева. — Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022 . — 208 б.

ISBN 978-601-217-783-1

Балаға арнап, бала үшін жазылған шығармалар тек жас өскіндердің ғана емес, оғам үлкендер де қызығады. Өздерінің кеше ғана жүріп өткен жолдары. Жазушының әңгімесін әркім әр қырынан қабылдайды. Солай болуы керек те.

«Роботтар отбасы» — оқырман жүрегімен үндестік табатын кітап. Онда білімді болумен қатар мейірімді, адал, адамгершілікті болу идеясы айтылады.

Патшаның тағындай болған балалық шақтың әңгімелері ой жаңалығымен тартымды әрі қызықты.


Файзолла А.

Жүрек-аспанымның» жұлдызы: Өлеңдер, балладалар, аудармалар / Алпамыс Файзолла. — Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022. — 144 б.

ISBN 978-601-217-798-5

Автор бұл жыр кітабында өзіндік қолтаңбасымен танылады. Өлең-дерінде, балладаларында, аудармаларында қандай тақырыпты көтерсе де сол мәселенің түп-тамырына барынша баруға, маңыздылығын мейлінше жан-жақты ашып көрсетуге бар болмысымен ұмтылады. Автордың осындай ізденімпаздығы оқырманның жан сарайын сүйсінтіп, кітаптың қүндылығын арттыра түседі.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.


Сиқырлы кілт. / (Құрастырып, тәржімалаған Гүлзия Алшынова). — Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022 .-208 б.

ISBN 978-601-217-789-3

«Сиқырлы кілтте» — жер бетіндегі түрлі ұлттардың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы, т.б. ой-қиялы арқылы тартымды бейнеленген. Сондай-ақ ортақ сюжетке құрылған, яғни барлық халықтарға ортақ болып табылатын ертегілер де бар.

Тәрбиелік мәні зор осынау жинақ қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге де бай.

Кітап ертегі сүйетін балаларға арналған.


Жұманова, З.

Ғажайып орман – Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2022 ж, 160 бет.

ISBN 978-601-7646-35-6

Танымал жазушы Заря Жұманова — «Екіге бөлінбейтін келіншек”, « Түнгі оттар», «Сіз іздеген әлем», «Ақбота», «Күләйша, Рокфеллер және басқалар», «Запах дождя», т.б. атты прозалық кітаптардың авторы. Оның жаңа кітабы балалар мен жасөспірімдерге арналған. Кітаптың тілі тартымды, оқиғалары қызықты.


Сейдахмет, Е.

Жалқау қүмырска — Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2022. — 160 бет.

ISBN 978-601-7646-34-9

Ернұр Сейдахмет 1984 жылы Жезқазған қаласында туған. Мектепті ойдағыдай бітіріп, туған жеріндегі университетте білім алып, инженер-технолог мамандығын меңгерді. Балаларға арналған республикалық «Астана-Бәйтерек» (2007), «Балауса» (2013), Халықаралық «Дарабоз» (2012) конкурстардың жеңімпазы атанды. «Қашан үлкен боламын?», «Тентек доп», «Күлші, қәне, балақай!» кітаптарының авторы.

Қолыңызға тиіп отырған «Жалқау құмырсқа» кітабы өзінің шебер жазылуымен кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық. Тілі жатық, ойы ұшқыр, тәлім-тәрбиесі мол жинақты әр баланың сүйіп оқитынына сенімдіміз.


Ахмет Д.

Көк тудың желбірегені: Хикаяттар, әңгімелер, мысалдар, ертегілер / Дәнеш Ахмет. — Алматы: ЖШС РПБК «Дэуір», 2022. — 272 б.

ISBN 978-601-217-812-8

Дәнеш Ахмет есімі кітап сүйер қауымға бұрыннан таныс.

Оның әр жылдары балалар тақырыбы және азаматтық әдебиетке арнап жазған прозалық шығармалары Республика көлеміндегі барлық әдеби басылымдарда жарық көрген. Оннан астам прозалық кітаптың авторы. Балалар мен жасөспірімдерге арналған халық-аралық жабық әдеби «Дарабоз» конкурсының лауреаты.

«Көк тудың желбірегені» — жазушы шығармашылығындағы жаңа белес. Әртүрлі жанрда жазылған дүниелерде бүгінгі рухани жаңғыру мен шынайы жаңашылдыққа бет бұру заманындағы бақытты балалардың әрқилы әрекеті, өмірге құштарлығы, жаңашылдығы, тапқырлығы, толайым табыстары мен кейбір жетіспеушіліктері сөз болады.

Жинақтың оқиғасы қызықты, мазмұны бай, тілі көркем де кестелі.

Жинақ қалың әдебиет сүйер қауымға арналған.


Оразов, Н.

Ақ ұлпа: Балалар мен жасөспірімдерге арналған хикаяттар мен әңгімелер. — Алматы: «Асыл сөз» баспасы ЖШС, 2022. — 336 бет.

ISBN 978-601-80713-8-6

Халықаралық «Алаш» жэне Махмұт Қашқари атындағы сыйлықтардың лауреаты, жазушы, драматург Нұргали Оразовтың бұл жинағына балалар мен жасөспірімдерге арналған хикаяттары мен әңгімелері топтастырылған. Мұндағы шығармалардың оқиғасы қызықты, тілі көркем, ең бастысы, айтар ойы мәнді, маңызды. Сондықтан да жас оқырман сүйіп оқитын жақсы кітап екендігіне сеніміміз кәміл.


Құмар, Н.

Көк байрақтай — көк жейде / Нұрлан Құмар. — Алматы: «Өнер» баспасы, 2022. — 376 б.

ISBN 978-601-209-302-5

Жас жазушы Нұрлан Құмар сонау бір бала кезінен-ақ базарлы балалық шақ туралы қалам тартып, балалар тәрбиесіне, олардың ертеңгі күні үлкен ер-азамат болып қалыптасуына қазақ балалар әдебиеті арқылы айтарлықтай атсалысып келеді. Оның жазған әрбір мөлтек әңгіме-ертегілері ерліктің ерін жастантып, инабаттылықтың иірімдеріне иінтіп, қиял әлемінің құшағында әлдилейді.

Құрметті жас оқырман, енді міне, өздеріңе арнап Н.Құмар «Көк байрақтай — көк жейде» атты кітабын ұсынып отыр. Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде: «Құмырсқа жүгіреді жұмысқа», «Мақалдың қасиеті», «Бір құшақ қиял», «Ғибадаттың ғажабы» сияқты сиқыр әлемнің сырын ұғынтуға ұмтылдыратын әңгімелер, ал екінші бөлімде: «Жеңіс пен жеміс түбі — сабыр», «Сәлем — сөздің анасы», «Тасбақа неге тас арқалайды?», «Үкі неге түнде ұйықтамайды?» деген қиял-ғажайып ертегілер шоғыры берілген. Кітаптағы әрбір әңгіме әдептілікті, әрбір ертегі ерлікті, мейірбандылық пен бауырмал достықты алдыға тартады. Ендеше, зер салып оқып шықсаңыздар — үлгі-өнегенің өлкесіне қанат жайып, кемел өмір кемесінде жүзе білесіздер.

 

Яндекс.Метрика