Жазушының портреті

Боранбаев Қабыл (1915 – 1978)

          Қабыл Боранбаев 1915 жылы Семей губерниясы Павлодар уезі, Баянауыл ауданы, Ақкелін болысының бірінші ауылында  кедей шаруа отбасында туған. Ол мектеп есігін тұңғыш рет 1928 жылы ашқан. 1932 жылы колхоз жастары мектебінің 4 сыныбын бітіріп, қазақстандық жастар одағының мүшесі болып Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің жолдамасымен Қарағанды көмір өндірісіне жіберілген. Қ.Боранбаев Қарағандының Киров шахтасында біркеші болып істеп, одан Қызылжар техникумына түскен. Техникумды бітіргеннен кейін, Киров шахтасында жеті жылдық мектепке қазақ тілі жане әдебиетінен сабақ берген. 1937 жылы Алматыдағы екі жылдық Мұғалімдер институтына оқуға түскен.
1937-1939 жылдары жас ақынның өлең және поэмалары республикалық газет–журналдар бетінде жиі басылып жүрді. 1939 жылы институтты аяқтағаннан кейін Қ.Боранбаев оқытушы болып қызмет істейді. Ол Ұлы Отан соғысына қатысып елге оралғаннан кейін “Пионер” журналы редакторының орынбасары болып қызмет атқарып, әдеби еңбекке қайта оралды. Ұстаз-ақынның  алғашқы  өлеңдер  жинағы  «Дәурен»(1949 )деген  атпен,  одан  кейін «Ант»(1950),«Дос  отряд»(1955), «Балалар  шаттығы», «Жаңарған жазық» (1962),   «Тапқыр бала», «Дән  дария»(1977) атты  өлең  жинақтары  жеке кітап болып шығады.

       1978 жылы Пайғамбар жасына келіп ақын  дүниеден өтті.

  «Қаламгер ерек тұлға» 

   Фотоальбом «Қабыл Боранбаев»

Боранбаев Қабыл (1915 - 1978)
Яндекс.Метрика