Бұқар жырау

Бұқар жырау

Бұқар жырау
    Бұқар жырау Қалқаманұлы 1668 жылы Жиделібайсын жерінде қазіргі Өзбекстанның Бұқар шаһары маңындағы Елібай ауылында дүниеге келіп, 1781 жылы Баянуылдағы Далба тауының бауырында дүниеден қайтқан.
Бұқар бабаның шыққан тегі қазақ шежіресі бойынша Арғын ішінде Сүйіндік, одан Қаржас, одан Алтынторы, одан Артық, Жолымбет, Мәмбет, Келбет, Келімбет аталары тарайды. Жолымбеттен-Қалқаман, Назар, Қойсары, Ырысымбет. Ал Қалқаманнан Бұқар жырау туады. Қалқаман кезінде Тәуке ханның 90 мың қолын басқарған айтулы батыры екен. Өзінің ағайын туыстары Әнет баба, Едіге, Тәуке, Есім хандармен қызметтес болған.
…..Қазақта жасы үлкен адамнан бата алу салты болған. Сізге епті, еті тірі Жолымбет Бұқар медресесінде дәріс алып жүрген жас немересіне Әнет бабадан бата сұрайды.Сонда Әнет баба былай деген екен:
Есімің Бұқар болсын
Міңгенің тұлпар болсын
Дауысың сұңқар болсын,
Ісіңе халқың інкәр болсы
     Азан шақырып қойған аты, бүгінде беймәлім болып кеткен жырау, тарихқа Бұқар деген атпен солай енген.
Бұқар бабаның он екі жасқа дейін тілі шықпай жүреді. Жұрт оны «мылқау» бала деп атаған. Өзі аңқау, томаға тұйық, сөзге сараң, сылбыр да болыпты. Он екі жасқа келгенде көп жылдар үндемей келгеннің есесін алайын дегендей өлеңдетіп, жырлап сөйлеп кетіпті. Тіпті үйлесімді ұйқасқан өлең жырымен жұртты таң –тамаша қалдырады. Енді Бұқар қолдан-қолға тимей, той думанның көркі болады. Қалқаман баласының той-домалаққа әуес болып, сері-сал өнерін қуып бара жатқанын көріп,оқытуға бермек ниетпен маңайдан көрнекті оқу орнын іздейді. Осы кезеңде Қалқаманға ақыл қосқан тобықты Әнет баба-орта жүз баласының ақылгөйі, Бұқардағы он екі баб ғылымнан хабар беретін Көкілташ медресесін аяқтаған өте ғұлама ғалым еді.
    Әкесі ғұламаларға сыйынып, мешітке садақасын жетектеп, Бұқараға жол тартады. Жол бойы Бұқара кентінің жайын,ескерткіштер мен естіген тарихын әңгімелей отырып, Қалқаман баласына
  оқу-білім есігін ашқызады. Бұл медресені 1702 жылы тәмәмдап, бірнеше тілді жетік меңгеріп шығады, соның ішінде парсы, арабтілдерін терең игереді. Иранның жеті пірі атанған атақты
  ақындарының, Қожа Хафиздің ғазалдарын келістіре оқығанда тәжік-парсы біткен маңайына үйіріліп қалады.Жастық көңілменкүй кешіп жүргенде өлеңдері көп болған.әсіресе,
Бұлбұл үйрекбұл үйрек
Бұрылып ұшар жаз күні
Боз мойынды сұр үйрек,
Көлге қонар жаз күні
Көк дабылды бойлатып,
Байлар ұлы шоралар
Көлге қонар жаз күні
Байлар қызы бикештер
Қол бұлғайдыау жаз күні
Қымызсыз жиынтой болса
Қызығы жоқты жаз күні 
Қызыл турам ет болса,
Қызғаныш болар аз күні
Мал бергенің болмаса
Пайдасы жоқты аз күні,-
деген өлеңі медресе шәкірттерінің сүйікті өлеңіне айналды.
    Бұқар медресені аяқтайтын жылы Түркістандағы Ахмет Иассауи мешіт-медресесінің бас имамы Қожа Кәләндар Бұқараға әдейісапармен келіп,шәкірттерді бір сынға алған болатын.Содан
көңілі осы Бұқарға түсіп, қайтсең де Түркістанға кел,- деп тапсырған.
    Бұқарды құшақ жайып қарсы алған адамдардың бірі үлкен ғұлама, елге абыройлы қазы атанған шейх Қожа Сәлмен дегенкісі.Түркістан ғұламалары, жергілікті білікті қала басшылары
    Бұқарға деп ұйғарғаны Қарнақ медресесінің ұстаздығы. Бұл өзі Түркістан түбіндегі қалашық, бір ерекшілігі қазақтың хан-сұлтанының нәсілдерінің бәрі осында оқиды. Бәрі шетінен сен тұр,
мен атайын болып келетін, еркінсіген төре-қара балаларына сабақ үйрету оңай емес, кәбі дәріс беруден сескенеді. Бірнеше күнбойы Бұқар медресенің оқу жоспарын жасады, негізі пән бойы
қатарына Хикметті көтерді, араб тілінің грамматикасын, заң ережелерін, логика, ой мен сөз таласы туралы ғылымдарды еңгізді.Сабаққа еңгізген бір жаңалығы-қазақ балаларының тіліне,
түсінігіне ыңғайлы қылып, дәуірінің ескерткіштеріндей мына бір өлеңдер Бұқардың шәкірттерінің есінде жатталып қалды-
Күллі әлемді қаратқанең алдымен Алланы айт,
Бойыңа жан таратқанаты жақсы Тәңіріні айт
Төрт Шадияр Мұстафакітап ашқан ғалымды айт
Мұхамедтің аятыАлла сөзі құранды айт
Пайғамбардың сүннәтібес уақытты намазды айт
Тәңірім салса аузыңажан жолдасың иманды айт
Жамандыққа жақсылық еткен таза арыңды айт
Қара қылды қақ жарғанНаушаруандай әділді айт
Құдіретімен жаралған он сегіз мың ғаламды айт
Сөйлеу үшін жаратқан сөз анасы сәлемді айт
ірліктегі сыйласқаната менен анаңды айт
Адам үшін жарасқанқызықты нәубет балаңды айт
Өлгеннен соң жер жұтқанқараң қалған денеңді айт!
    Ия, Әбілмансұрды Шарышқа салған Бұқар, соның тәрбиесі жас сұлтанның әруақтанған кезін аңдып, қолына қазақтың қасиеттіқарағай сап қара болат найзасын да салған Бұқар. Өзі
жауынгерлермен бірге жау өтіне тура шапқан да Бұқар. Ғұлама қасиетіне баяғыда ден қойған заманға аңғарған әулиелігіне тағыда тәнті болды. Қырық бес жастан жаңа асқан Бұқар қазақтың
жүрегіндегіні қашанда тап басып табатыны жалпы жұртқа біліне бастаған, ел басшылары соны мойындай бастаған уақыт еді. Елесін жинаған заманда да оң мен солын нұсқайтын, жақсы
жаманын айыратын осындай тұлғалар керек-ақ. Сондықтан ел ниетімен осы жолы «Бұқар жырау» атана бастады, «Жырау аға,үлгі бір сөз айтыңыз»-десті алқа-қотан отырған қазақ батырлары.
Қорғанды шақар қаласынқазақ емессарт білер
Төс айылдың батқанын иесі емес ат білер,
Ер жігіттің қадірін ағайыны білмесжат білер
Аңсаған құлан қадірін айдалада қақ білер
Жорық жолы болуынқария емес сәт білер
Ердің күші асуын ,қайрат білмес жат білер
Өлімнің ерте– кешін бір жаратқан хақ білер
Қойға қошқар құт болсақозы құрттан өлмейді
Қой бітерде қотанша итбөріге қой бермейді
Ауылда адам бар болсаауыл ала болмайды
Ел иесі құт болсаауыл ала болмайды
Үлгісіз сөз болмайдыматасыз бөз болмайды
Сөз ұғарлық ер болсаайтылмас шын сөз болмайды,
Алтындай асыл сөзіңдіқадіріне жетіп бағалап,
Тыңдайтын ер кез болмайды,-
деген ұзақ толғауды Бұқар сол жолы айтқан екен.
    Ақылдаса келе мәслихат тең жарылды, бір жағы «қыл құйрық» деп қыл көтеріп, шекарадағы бекініс атаулының күлін көккеұшырмақ, екіншісі Ресейдің қуатынан сескенеді. Осындай шақта ел
назары қазақ әулиесі атанған Бұқарға қарайды. Бұқар жырау сөзі тоқтауға шақырған өтімді, бітімшіл сөз болды. Ендеше бұлжорық болмайтын болғаны да.
-Ей Абылай, Абылай,-деп бастаған жырау бұрынғы-сонғы қазақ пен орыстың тарихына түсті.Жырау-шежіре, жырау-жазулытұрған тарих. Бірақ жай жылнама тізбегі емес, терең ой, толғаныс.
Себебі, тарихтан сабақ алу керек, тарихтан үлгі көру керек, адамзат тарихсыз адам болудан қаласың, жаратушы құдірет тарихтысезінуді, ойлауды, жадына сақтауды тек адам баласына
бұйыртқан. Сондықтан, жан-жануар әлемінен бір артықшылығың осы. Тарихты білсең болашаққа үлгі пішесің, қиял кешесің,ізденесің, алға жүресің. Сенің алға тартқан соқпағың аталарыңның
салып кеткен сорабы.Тарих пен болашақ егіз, ағайынды-інілі құбылыс.
Абылайдың қасында Бұқарекең жырлайды
Жырлағанда не дейді-соғыспа деп жырлайды
Бұқарекең деген кәріңіз, соғыссаң кетер сәніңіз
Бізден бұрын өтіпті, қазіреті шалы шеріңіз
Менің жасым тоқсан үш,
Мүнан былай сөйлеуім-маған да болар ауыр күш
Өлетұғын тай үшін, Қалатұғын сай үшін,
Қылмаңдар жанжал,ерегес,
Бүл қылықты қоймасаң,құдайдың бергеніне тоймаса?,
Күресің сонда теперіш,өкпеңменен қабынба, Өтіменен жарылма-
Орыспенен соғысып, басына мұнша көтерген,
Жұртыңа жаулық сағынба,
Күнінде мүнша жырлайтын,тоқсан үште қария
Енді де саған табылмас,
Жаудың жолын сүймеңіз, мынау жалған сүм дүние
Өтпей қалмас демеңіз.Мұсылман болсаң кетіңіз
Сырдарияның суынан, көлденең кесіп өтіңіз
Үш жыл малды ту сақтап,Жиделі байсын жетіңіз,
Кісісі жүзге келмей өлмеген,қойлары екі қабат қоздаған,
Қатын бала қамы үшін,солай таман жетіңіз.
Бұқарды алғаш «Әулие» атаған Абылайдың өзі.
  1755 жылдың көктемі. Осы шақта Абылай сұлтан қазақтың қалың әскерін бастап қалмақ жеріне тағы аттанды. Ойға алған міндеті-Хоргостан асып, Қытайға ішкернелей кіру, сол жақтағы
қалмақ ауылдарын бопсалап бері қайтару.
Бір жүма уақыт өтсе де, батырлары жортуылдан оралмай қойды. Кешіккеніне қарап әскердің жүрегіне уайым ене бастады, ханның көңіліне кауып кірді.
Қысылтаяң жағдайда Абылай жанындағы Бұқарға салды салмақты –
«Ерлеріме не болды, жырау аға, осыншама кешігетін, істің сәті қалай бола бастады,сәуде көріп бер»,деді. Бұқардың өтініші бойынша төлеңгіттер Соқыр
Абызды шақырды.Соқыр Абыз сәлем берісімен-ақ қобызын сарнатты
Кейқапта жатқан перілер!
Мен шақырдым келіңдер
Бәрекелді, ерлерім!
Тілеуімді беріңдер
Қобызыңды көтеріп
Кейқаптан кел, Шарабас!
Тоқсан қойдың терісі,
Тон шықпаған Қарабас
Сексен қойдың терісі,
Тең шы?паған Көкаман!-
деп толғанғанда, қобыз үніне беріліп, сілтідей тынып, елітіп қалған Бұқар жауапқа келді.
Жанатай Талқыннан өткен болар,
Хоргос асып Құлжаға жеткен болар
Атағы қалмаққа да жеткен шығар,
Бөгенбай Құлжадай құлдыр-мамай
Айқаста салған шығар ұзақ-сонар,
Ханбаба Барақ ұлы ту ұстаған,
Ат басын елге қарай, бері салар.
Жанатай құрған шепті бұзып өтеді,
Өтеді де ұлыстың бір шетінен кертеді.
Жанатайдың қолына түскен ақ торғын
Сұлуды Абылай сұлтан олжа етеді!-
тура осы айтқандай болды, ең алдымен Ханбаба жігіттерімен келді, артынша Бөгенбай аман-сау жетеді, ең соңында Жанатай келді жауынгер жігіттерімен. қатары селдіресе де олжасы мол екен. Олжаның басы-Теріскей Тибетті жайлайтын хошауыт тайпасының тайшасы Таңғаштың қызы Өрес. Абылай Бұқардың сәуегейлігіне осыдан кейін тәнті болды, Өле-өлгенше аңыз қылып айтып өтті. «Өмірімде бір қуанғаным сол жолы» деп ұрпағына өсиет қылып кетті құдіретті хан.
Ұлы Жырау тек қана ауыз әдебиеті емес, жазба әдебиетіміздің атасы дерлік тұлға.
1990 жылғы шілденің 12 күні шыққан санында, белгілі жазушы Ақселеу Сейдімбеков «Ана тілі» газетінде ұлы бабамыздың Пекиннен қолжазбасы табылғанын қуанышпен хабарлады. Бұл
шығарма Пекин қаласындағы Байырғы Манжың патшалығының қоймасы аталатын Хуаңшишың сарайынан табылды. Сақталынып келген асыл мұраны тапқан белгілі тарихшы Мұхтархан
Оразбайұлы, ол сол қоймаға маман ретінде шақырылып, жұмыс үстінде 990 беттік қазақ өлеңдеріне тап болады. Соның ішінен 940 жолдық Бұқар жыраудың 36 толғауын көшіріп алады. Сөйтіп
ол бұл мұраны А.Сейдімбековке жеткізеді.
1. «Бірінші толғау»                                19. «Өлең сөздің данасы
2.«Күллі әлемді жаратқан»                         20. «Алтын, күміс байда бар»
3.«Құбылып тұрған бәйшешек»          21. «Асқар таудың өлгені»
4.«Он сегіз мың ғаламды жаратқан»   22. «Қалмаса қайнар азайып»
5.«Керей, қайда барасың»                         23. «Жар басына қонбаңыз»
6.«Әлемді түгел көрсе де»                             24. «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек»
7.«Ай, заман-ай, заман-ай»                  25. «Көктен бұлт сөгілсе»
8.«Абылай ханның қасында»                     26.«Жарандарым қойсан дес»
9.«Айналасын жер тұтқан»                  27. «Жал құйрығы қаба деп»
10.«Ай не болар күннен соң»         28. «Ақтың үйі Мешіде»
11.«Ақсамнан биік тау болмас»       29. «Қалданменен ұрысып»
12.«Бірінші тілек тілеңіз»           30. «Асқар ата іспетті»
13.«Алыстан қызыл көрінсе»                31. «Ханға жауап айтпасам»
14.«Қазақтың ханы Абылай»             32. «Көпшек сынды күренді»
15. «Кәрілік шіркін не қылмас»    33. «Бұқарекең біз келдік”
16. «Арту-арту бел келсе”               34.”Әкелі бала жау жүрек”
17.“Балалық он жасыңыз”                 35.”Ханымыз отыр аһ ұрып”
18.“Мінген атың арыса”               36.”Қарт бердерім үзіліп”
Жыраудың моласын алғаш анықтап, басына тастан белгі қойып кеткен белгілі фольклор зерттеушісі Мәшһүр-Жүсіп Көпеев болатын.
Бұқар жырау денесі біздің облыстың жерінде жатқандығы, басы ашық, жөні түзу белгі қойылмағандығы, тіпті қарапайым бейіт салынбағандығы туралы жазушылар,журналистер біраздан бері мәселе қозғап жүретін.
Қоғамдық пікірдің қозғау салуымен Бұқар жырау басына кесене орнату жөнінде қозғалыс өрістеді.
Солақ екен, жырау жерленген Ульянов ауданынан, жалпы облыс тұрғындарынан, көршілес Павлодар облысынан қолдау жасаушылар көбейді. Соғыс және енбек ардагері, бұрын колхоз-совхоз басқарған ел ағасы – жерлесіміз Шопанай Әмірханов осы істің тізгінін өз қолына алды.
1993 жылы Бұқар жыраудың 325 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференция болып өтті, ал ұлы абыздың жерленген Далба тауының етегінде кесене салынды. Кесененің сызбасын жасаған архитектор А.Сәуменов.
    Табаны үш таған болып келетін, биіктігі 12 метрге жететін бұл ғимарат қазақтың ұлттық бас киіміне ұқсас келеді де, кезінде ұлы бабамыз аңсап кеткен үш жүздің, бүкіл елдің бірлігін бейнелейді. Тойды тамашалауға келген жұрт «Бұқар жырау және оның заманы» атты театрландырылған көріністі тамашалады. Көріністің сценариін жазған белгілі жазушы Софы Сматаев, ал оны қойған-Ақмола музыкалық драма театрының бас режиссері,театр қайраткері-Жақып Омаров.
М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты 40 мың данамен Бұқар жырау шығармаларын жеке кітап етіп жарыққа шығарды.Онда Академияның қолжазба қорындағы толғаулармен катар Пекинде сақталған асыл мұрасы да жарық көрді. Біраз әңгімелердің де бастары құралған.
Ульянов мамандырылған бірлестігі мен Озерное селосына Бұқар жырау есімі берілді.
1997 жылы Ульянов және Тельман аудандары біріктірілгенде, аудан ұлы абыздың атымен аталды.
Қарағандыдағы сәулетті көшелердің бірі Бұқар жырау даңғылы деп аталды.Мерей той салтанаты үстінде осы көшенің бойында,темір жол вокзалы алдындағы алаңда Бұқар жырау ескерткіші ашылды. Ескерткіштің авторы жас мүсінші Мұрат Мансүров.
Яндекс.Метрика